25 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасы бекеттерінде жұмыс уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҰҚК баспасөз қызметі. «Өткізу пунктерін жабу Қытай Халық Республикасында Күріш күні тойлануына байланысты Қытай тарапы бастамасымен қолға алынып отыр», – делінген хабарламада. Азаматтар мен жүк көліктерін өткізу 26 маусымнан бастап жалғасады.