Елорда дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға шектеу қойылады
Елорда дәріханаларында дәрі-дәрмек сатуға шектеу қойылады
© Sputnik / Абзал Калиев
128
оқылды
Халықтың дүрлігуінен кейін Нұр-Сұлтанның дәріханаларында дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды сатуға шектеу қойылады. Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина мәлімдеді, деп хабарлайды әкімдіктің ресми сайты. "Өткен аптадан бастап қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттарды, азитромицин антибиотиктерін түгел сатып алды. Біз талдау жүргізіп, 41 дәрі-дәрмектің атауы көрсетілген кесте құрдық", - деді Әлмурзина. Оның айтуынша, дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды реттеу туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданған. "Ол жерде халыққа қанша дәрілік препарат сатуға болатыны жазылады. Ал рецепт бойынша сатылатын дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен  беріледі", - деді ол. Сонымен бірге, Әлмурзина дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің тапшылығын ескеріп, дәріханаларда балама нұсқалары бар екенін айтты. Олар: "Панадол", "Эфералган", "Ибупрофен", "Ибуфен", "Миг" және "Новиган". Қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен дәріхана желілерінің басшыларымен онлайн-жиын өткізді. Ол дәрі-дәрмек пен медициналық бұйымдарды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыруды тапсырды.