Бразилия – Америка кубогының иегері: 12 жылда алғаш рет! (видео)
Бразилия – Америка кубогының иегері: 12 жылда алғаш рет! (видео)
160
оқылды

Оңтүстік Америка құрлығында футболдан Америка кубогы да өз мәресіне жетті. Финалда Бразилия құрамасы Перуді жеңіп, 12 жылда алғаш рет бұл мәртебелі кубокқа қол жеткізді.

Финалдық матч әйгілі «Маракана» стадионында өткен. Алғашқы гол 15 минутта соғылды. Габриэль Жезустың пасын сәтті пайдаланған Эвертон Перу қақпасынан саңылау тапқан. Бұдан кейін 44 минутта қарсыластар сапынан Хосе Паоло Герреро есепті теңестіріп кетеді.

Алайда 1 тайм тәмам боларға дейін Жезус өзі де гол соғып, бразилиялықтарды алға шығарып үлгереді. Алайда матч қаһарманы атанудан үмітті Жезус 70 минутта екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылады. Алаң иелерінің адам саны азайғанын Перу құрамасы пайдалана алған жоқ. Есесіне Ришарлисон 88 минутта пенальти орындап, есепті 3:1-ге жеткізді.

Әлем чемпионатын бес рет жеңіп алған Бразилия Америка кубогын осымен оныншы рет ұтып отыр. Соңғы рет 12 жыл бұрын құрлықтық додада оза шапқан екен. Ал осы турнирде үшінші орынды Чили құрамасын жеңген Аргентина иеленді.

ruee9b57be2b0.jpg
Үздіктер 
Бразилия құрамасы сапында жан аямай шайқасқан 36 жастағы қорғаушы Дани Алвес осы турнирдің үздік ойыншысы атанды. Ол осымен өзінің карьерасындағы 40-трофейді қанжығасына байлап отыр. Бұл тұрғыда жер бетінде ешқандай футболшы Алвеспен теңесе алмайды. Ал биыл "Ливерпульмен" Чемпиондар лигасын жеңіп, үздік қақпашы ретінде танылған Алиссон Беккер осы жолы да Бразилия құрамасының чемпион атануына зор еңбек сіңірді. Турнир бойы қақпасын құрғақ ұстаған Алиссон тек финалда ғана (онда да пенальтиден) гол жіберді.