Мемлекет басышысы Алексей Цойды Денсаулық сақтау министрі қызметіне тағайындау туралы туралы Жарлыққа қол қойды , - деп хабарлады Ақорданың баспсөз қызметі.
"Алексей Владимирович Цой Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі болып тағайындалсын",- деп жазылған құжатта.
Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму комитеті Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындау үшін Алексей Цойдың кандидатурасын қолдаған болатын.