Атыраудың Арысқа көмегі
Атыраудың Арысқа көмегі
179
оқылды

Арыс өңірінде болған жары­лыстың салдарынан зардап көр­ген үйлерді қалпына келтіру бо­йынша, Арыс қаласын бір­неше секторға бөлген болатын. Атырау облысының үлесіндегі секторда 482 үйді қалпына кел­тіру жұмыстары бар. Соның ішін­де 24 үй жарылыстың салда­рынан мүлдем жойылған. Ал қалған үйлердің терезелері, төбелері және ішкі құрылыс бөліктері сынған.

Атырау облысының әкімі Нұр­лан Ноғаевтың айтуынша, жөндеу жұмыстарына техни­калар мен бес жүзгеге жуық адам жұмылдырылған. Аймақ басшы­сының орынбасары, об­лыс әкі­мінің кеңесшісі және басқарма басшылары Арыс қаласында міндеттелген жұ­мыстар толық аяқталғанша болатын болды.

– Арыстағы төтенше жағдай орын алғаннан кейін, атырау­лықтар да көмек көрсету шара­сына белсенді араласып кетті. Атап айтқанда, кәсіпкерлердің, мемлекеттік қызметкерлердің, тұрғындардың ашылған шотқа аударған 100 млн-дай қаражаты бүгінгі күнде аударылып отыр. Одан басқа, атыраулықтардың жинаған азық-түлігі, киім-ке­шегі, басқада тұрмыстық жағ­дай­ға қажет заттардың 4 жүк ма­шинасы Арысқа жеткізілді. Аты­раулықтар «Арыс, біз бірге­міз!» акциясының қатысу­шы­лары ретінде, Арыстағы жағдай толығымен бітпейінше, көмек беру іс-шараларын ары қарай жалғастыра береді, – дейді Аты­рау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

 

Атырау облысы