Алғысхатпен марапатталды
Алғысхатпен марапатталды
Елбасының марапатын «Nur Otan» партиясы Павлодар об­лыс­тық филиалының төрағасы Әбілқайыр Сқақов табыстады. Ма­рапатталғандардың арасын­да жеке кәсіпкер және облыстық мәс­лихат депутаты Гүлмира Нұр­ханова, «Еріктілер лигасы» об­­лыстық филиалының көш­бас­шысы Карина Любченко, «Клуб добряков» жетекшісі Ас­хат Кустаулетов, «Jas Otan» Жас­тар қанатының облыстық фи­лиалының төрағасы Ғабит Ха­физ, студенттік филармонияның қызметкері Бахатхан Оразбек, вокал оқытушысы Сәния Қаб­дул және блогер Рымбек Қаби­ден бар. – Сіздер екі айдан астам уа­қыт ішінде біздің жерлестеріміз­ге, әсіресе мұқтаж зейнеткерлер мен көмекке зәру отбасыларға, сон­дай-ақ полицейлерге, дәрі­гер­лер мен әскерилерге көмек көр­сете отырып, демалыссыз ты­н­ым таппай үлкен жұмыс ат­қар­дыңыздар. Жоғары жауап­кер­шілік пен патриотизмнің үлгі­сін көрсете білген партия­лық­тарға, «Jas Otan» Жастар қа­натының ерікті жастарына, меценаттарға және медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіремін, – деді Әбілқайыр Сқақов. «Nur Otan» партиясы Павло­дар облыстық филиалының тө­­ра­ғасы Елбасының баста­ма­сы­мен құрылған Birgemiz қоры­ның арқасында Павлодар об­лысының 27 мың тұрғыны 50 мың теңге көлемінде ақшалай кө­мек алғанын да еске салды. Об­лыстағы 3,5 мыңға жуық адам осындай материалдық қол­­дауға ие болғанын, бұдан өзге BizBirgemiz жалпыұлттық ак­циясы аясында павлодарлық партияластар мұқтаж жандарға қолдау көрсеткенін, олар өңір­дің 12 мыңға жуық тұрғынына азық-түлік жиынтығын жеткіз­ге­нін тілге тиек етті. Сондай-ақ павлодарлықтар­дың қолдауын су тасқынынан зар­дап шеккен Түркістан облы­сы Мақтаарал ауданының тұр­ғын­дары да сезінді. Партия өкіл­дері аталған өңірге 40 тонна гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигие­на­лық құралдар және тағы да басқа заттар жөнелтті. Айта кетейік, осы апта ішін­де Нұрсұлтан Назарбаевтың аты­нан алғысхаттар 3 мың қа­зақстандыққа табысталады. Олар­дың ішінде Павлодар об­лысындағы 100-ге жуық во­лон­тер мен белсенді бар.  

А.ЖАСАНҰЛЫ