Аралда рухани байлық көп
Аралда рухани байлық көп
Атап айтар болсақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында Қамбаш көлінің жағасында күндері аралығында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі V слеті ұйымдастырылды. Арал аудан әкімдігі мен ай­мақтық «Рухани жаңғыру» ор­талығының ұйымдастыруымен облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» тақы­рыбында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша дебат өткізілді. «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қа­зақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы ая­сында жасөспірімдерге арналған «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық саяхат өткізілді. Шара барысында оқушылар Қамбаш көлі мен Арыстан баб зиратына және Жанкент қаласына танымдық саяхат жүргізді. Сонымен қатар айтыскер ақын, термеші Ниятолла Раманқұловты еске алуға арналған «Ақиқат жыр­дың арнасы – Аралдың Ния­толласы» атты жастар ара­сындағы облыстық ақындар айты­сы өткі­зілді. Мұнымен қоса, қазақ әдебиетінің абызы, жер­лесеміз Ә.Нұрпейісовтің шығармашылығын кеңінен на­сихаттау мақсатында жазушының «Соңғы парыз» романы желісінен «Сондай да бір түн болған» атты қойылымы көрсетілді. Биыл аудандық мәдениет үйлерінде қазақтың Ұлы ақы­ны Абай Құнанбаевтың 175 жыл­дығына орай «Абай. Тарих. Тұлға» атты ашылу салтанаты өтіп, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Абай дара, Абай дана тұлға» атты аудандық байқаулар ұйымдастырылды. «Атамекен» кіші бағдар­ламасының «Туған жерге тағ­зым» бағыты бойынша: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу, аудан­дағы шалғай орналасқан елді мекендерге арнайы техникалық автокөліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және де Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 218,0 млн теңгеге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен 4 меморандумға қол қойылып жүзеге асырылуда. 2019 жылы «Туған жер» кіші бағдарламасы  аясында білім беру мекемелерінде «Мектебіме тағзым» акциясы ұйымдастырылып, 9 млн теңге көлемінде демеушілік көмектер жасалды. Аталған меморандумның ая­сында «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Шижаға елді мекенінде «Тағзым» алаңы салынып, пайдалануға берілді. Жоба құны 8 млн теңгені құраған алаң құрылысын жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен жүргізді. «100 жаңа есім» жобасының 3 кезеңі бойынша тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауданымыздың әр саласында қыз­мет атқарған медицина, мәде­ни, спорт, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан 48 азаматтың өтінімі ұсынылды.   kitap Сонымен қатар аталған бағ­дарламалық мақаланы  тұрғындарға насихаттау мақсатында қала, кент ауылдық округтерде 42 билборд орналастырылып, ақпараттық қамтамасыз ету мақсатында жергілікті газеттерде 56 мақа­ла жарияланса, облыстық Qyzyl­orda телеарнасынан «Туған жер» бағдарламасы аясында 7 бейне­сюжет түсірілді. Қазіргі таңда «Рухани жаңғыру» бағдарламасының арнайы жобалар мен бағыттары бойынша 2020 жылға арналған іс-шаралар жос­пары бекітіліп, тиісті жұмыстар онлайн форматында жүргізілуде. «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының 2020 жылғы жос­парына сәйкес, Алтын орда­ның 750 жылдығына, Абай Құнан­байұлының 175 жылдығына жә­не Әбу Насыр әл-Фарабидің туғанына 1 150 жыл толуына орай арнайы жобалар (өнер фестивалі)өткізілетін болады. Мұнымен бірге, бағдарлама аясында Б. Тәңірбергеновті еске алуға арналған «Халқымның жүре­гінен жыр кеткен жоқ» ат­ты өңірлік ақындар айтысы мен ауданға қа­расты ауылдық ок­руг өнерпаздары арасында өнер фестивалін ұйым­дастыру жос­парлануда. Сондай-ақ «Рухани жаңғыру» және латын әліпбиін оқытудың өзектілігі» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пәні және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар, «Ахмет Бай­тұрсынұлы мұралары және латын әліпбиі» тақырыбында қоғамдық тыңдау, түрлі фор­маттағы шаралар мен курстар ұйымдастырылды. «Қазақ әліпбиін латын гра­фикасына 2025 жылға дейін ке­зең-кезеңімен көшіру жөніндегі республикалық іс-шаралар жос­парына» сәйкес 40 сағаттық «Жаңа емле» ережелеріне дағды қалып­тастыру мақсатында семи­нар-тре­нинг өткізілді. Сондай-ақ «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет», «Ауыл – ел бесігі» арнайы жо­балары бойынша барлығы 18 шара өткізілді, оған 4 000-ға мыңға жуық тұрғын қатысты. «Туған жерге тағзым» арнайы жобасы бойынша құны 218,0 млн теңгені құрайтын 4 меморандумға қол қойылып, жүзеге асырылуда. Аталған меморандум бойынша Шижаға елді мекенінде «Тағзым» алаңы салынып, пайдалануға берілді. Жоба құны 8 млн теңгені құраған алаң құрылысын жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен жүргізді. 121 шара ұйымдастырылып, оған 12 мыңнан астам тұрғын қатысты. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының бағыттары бойынша осы жылы барлығы 21 шара өт­кізілді. Оның аясында «Ұлы дала елінің тұғырлы тарихы», «Сақ өркениетінің саф алтындары», «Көне дәуірдің әдеби жәдігерлері» көрмелері, «Қызғалдақ – өркениет куәсі» аудандық өнер фестивалі ұйымдастырылды. «Дала фальклоры мен музы­касының мың жылы» арнайы жобасы аясында «Ақиқат жырдың арнасы  – Аралдың Ниятолласы» атты облыстық ақындар айтысына, «Парасатты поэзия» фестиваліне жұртшылықтың қызығушылығы ерекше болды.  

Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы