Атап айтар болсақ, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Қамбаш көлінің жағасында күндері аралығында Арал өңірі балықшыларының дәстүрлі V слеті ұйымдастырылды.
Арал аудан әкімдігі мен аймақтық «Рухани жаңғыру» орталығының ұйымдастыруымен облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Теңіз тағдырын толғаған туынды» тақырыбында Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» романы бойынша дебат өткізілді.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасының «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» арнайы жобасы аясында жасөспірімдерге арналған «Тарих толқынында» атты тарихи-танымдық саяхат өткізілді. Шара барысында оқушылар Қамбаш көлі мен Арыстан баб зиратына және Жанкент қаласына танымдық саяхат жүргізді.
Сонымен қатар айтыскер ақын, термеші Ниятолла Раманқұловты еске алуға арналған «Ақиқат жырдың арнасы – Аралдың Ниятолласы» атты жастар арасындағы облыстық ақындар айтысы өткізілді.
Мұнымен қоса, қазақ әдебиетінің абызы, жерлесеміз Ә.Нұрпейісовтің шығармашылығын кеңінен насихаттау мақсатында жазушының «Соңғы парыз» романы желісінен «Сондай да бір түн болған» атты қойылымы көрсетілді.
Биыл аудандық мәдениет үйлерінде қазақтың Ұлы ақыны Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай «Абай. Тарих. Тұлға» атты ашылу салтанаты өтіп, «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Абай дара, Абай дана тұлға» атты аудандық байқаулар ұйымдастырылды.
«Атамекен» кіші бағдарламасының «Туған жерге тағзым» бағыты бойынша: Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Арал қаласынан типтік жобадағы спорттық сауықтыру кешенінің құрылысын салу, аудандағы шалғай орналасқан елді мекендерге арнайы техникалық автокөліктер алып беру, Арал қаласынан «Ардагерлер үйі» ғимаратының құрылысын салу және де Шижаға елді мекеніне абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін барлығы 218,0 млн теңгеге ауданнан шыққан кәсіпкерлермен 4 меморандумға қол қойылып жүзеге асырылуда.
2019 жылы «Туған жер» кіші бағдарламасы аясында білім беру мекемелерінде «Мектебіме тағзым» акциясы ұйымдастырылып, 9 млн теңге көлемінде демеушілік көмектер жасалды.
Аталған меморандумның аясында «Туған жерге тағзым» акциясы бойынша Шижаға елді мекенінде «Тағзым» алаңы салынып, пайдалануға берілді. Жоба құны 8 млн теңгені құраған алаң құрылысын жеке кәсіпкер өз қаржысы есебінен жүргізді.
«100 жаңа есім» жобасының 3 кезеңі бойынша тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, ауданымыздың әр саласында қызмет атқарған медицина, мәдени, спорт, ауыл шаруашылығы саласын дамытуға үлес қосқан 48 азаматтың өтінімі ұсынылды.
Миуа БАЙНАЗАР, Қызылорда облысы