Аймақтарда бұршақ, жаңбыр жауады
Аймақтарда бұршақ, жаңбыр жауады
Фото: Интернеттен алынды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, кей жерлерде найзағай, бұршақ жауады деп күтілуде. Еліміздің тек батыс бөлігінде жұма жауын-жашынсыз өтеді. Республика бойынша кей жерлерде желдің екпіні күшейіп, дауыл, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады деген болжам бар. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қостанай облысында сондай-ақ дауыл күтіледі. Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, күндіз Алматы, Жамбыл, Түркістан, Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады. Күндіз Маңғыстау облысында шаңды дауыл тұрады. Атырау облысының түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жел болады. Күндіз оның екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал. Алматы облысында күндіз қатты ыстық күтіледі. Атырау, Қызылорда облыстарында, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында аптап ыстық болуы мүмкін.