Ел бақытты болмай, ер бақытты болмайды
Ел бақытты болмай,  ер бақытты болмайды
300
оқылды

Қаршадайынан-ақ қолынан қаламы түспеген қарымды қаламгер қазақ әдебиетінің дамуына өзінің зор үлесін қосып келеді. Мемлекеттік сыйлықтың, Шолохов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты жазушы Сәбит Досанов­тың сыр сұхбатында бір сәт оның балалық шағына саяхаттай отырып, шығармашылығына үңіле түсеміз. Ол кісінің өмір өткелдерінде басынан өткізген маңызды әрі қызықты сәттері қамтыл­ған осынау сұхбатты оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

ӨЗІМНЕН ЖЕТІ ЖАС ҮЛКЕН ЖӘМИЛАҒА ҒАШЫҚ БОЛДЫМ... – Атақты қаламгер Сәбит Доса¬нов қандай бала болды екен? – 1940 жылы тудым. Ал 1941 жылы соғыс өрті тұтанды. Балалық шағым осындай қиын бір кезеңмен тұспа-тұс келді. Жеңіс туы желбіре¬ген¬нен кейін де халыққа ес жию оңайға түскен жоқ. Тұрмыс ауыр. Сондықтан бесіктен беліміз шық¬пай жатып еңбек еттік. 4-сы¬нып¬тан бастап шөп шабу жұмыс¬¬тарына араластық. Шынды¬ғын айтқанда, көп ойнауға уақыт та тапшы еді. Бір сөзбен айтқанда, заман¬ның өзі бізді еңбекқор балаға айналдырды. – Ата-аналарыңыз қандай кісі¬лер еді? – Анам – Мағрипа хат та¬ны¬ма¬ған адам. Әкем – Айтмұхан ақша бөлімін¬де(қазіргіше фин¬пол) қызмет ат¬қар¬ған шенеу¬нік. Үнемі ат үстінен түспеген азамат-тұғын. – Неше ағайындысыз? – Менің шешем – он баланы дүниеге әкелген алтын құрсақты ана. Өкінішке қарай, оның төртеуі өмірден ерте кетті. Аллаға шүкір, қазір алты ағайынды (үш ұл, үш қыз) дін аманбыз. Тұрлыбек, Ғабит атты інілерім мен Эльмира, Әмина атты қарындастарым елордасы – Нұр-Сұлтанда. Ал ең кіші қарын¬да¬сым – Сәбила Алматы облысына қарасты Комсомол ауылында тұрବды. Қазіргі таңда бауырларым¬ның барлығы өмірден өз о¬рнын тапқан, бір-бір отбасының ұйтқысына айналған жандар. – Алғашқы қаламақыңыз қандай болды? – Оқушы кезімде жазған «Пішен даласында» атты шағын әңгімем «Пионер» журналында жарық көрді. Одан кейін осы шы¬ғар¬мам «Ана тілі» оқулығына еніп, тағы біраз басылымдарға шықты. Нақты есімде жоқ, бірақ көлемді қаламақы берілген-ді. Бір жолы тілшілер келіп сұхбат алғанда, анам: «Алғашқы әңгіме¬сіне бір уыс ақша келіп, мына самау¬рынды сол кезде алғанбыз», – дегені бар. – Ең алғашқы махаббатыңыз есте ме? – Оқушы кезімде өзімнен 7-8 жас үлкен Жәмила деген қыз мені ғашық етті. Өзі керемет бір сұлу қыз еді. Ол кезде қайбір махаббат дейсің?! Қолынан ұстасақ, соған да мәзбіз. Бір жолы екеуміз киноға бар¬дық. Оның жігіті ауылдағы атышу¬лы атаман еді. Кинотеатрда отыр-ған жерімде маған сес көрсеткісі келді. Мен де аяған жоқпын. Түрлі тәсілді ағаларымнан үйреніп, дайын¬далып барғанмын. Қолымда қорғасын құйылған серіппе бар, сонымен иектің астынан бір пер¬дім. Сол жерде оның мұрны қанап кетті. Ызадан жарылып кете жазда¬ған ол, қолындағы серіппелі пыша¬ғы¬мен мені жарып тастамақ болды. Сол мезетте оның алдына Жәмила тұрып, мені қорғап қалды. «Махаббат не дегізбейді, аштық не жегізбейді» демекші, осылай ерлік жасағаным бар. – Жазушылыққа келу жолы¬ңыз¬ға үңілсек... Кімге еліктедіңіз? Жас¬тық шақта мұрт қойған кел-бетіңізді ел-жұрт Сәбит Мұқановқа ұқсататындай... – Қостанай облысына қарас¬ты, Амангелді дейтін ауданда өмірге келдім. Яғни, Ахмет Байтұрсы-нов, Міржақып Дулатов¬тың еліненмін. Осын¬дай қазақ әдебиетінің алып¬та¬рын тудырған топырақтан нәр алып өстім. Мұның өзі менің өміріме зор ықпал еткені сөзсіз. Сондай-ақ әдебиетке деген ай¬рық¬ша құштарлығым жазу¬шы¬лық¬қа жетелеп келгендей. Сейтжан Ома¬ровтың «Балзия» дейтін пове¬сін оқыдым. Осыдан кейін Бейсен¬бек деген нағашымның нұсқауы¬мен классиктерді шетінен оқи бастадым. Менің проза жазуыма ықпалын тигізген ұстазым – Сәбит Мұқанов. Бұрын Сәбең (Сәбит Мұқанов) «басымда толған пьеса, роман, повесть, қайсысын жаза¬рым¬ды білмеймін, уақыт жетпейді» дейтін. Дәл қазіргі таңда менде де дәл осындай жағдай. Көпшіліктің Мұқановқа ұқсатқаны рас. Халық айтса, қалт айтпайды ғой. Бүгінде сол Сәбеңдердің деңгейіне жетуге ұмтылып келе жатқан жайымыз бар. Бұл үшін, әлбетте, Аллаға сан¬сыз шүкірлік етемін. – «Екінші өмір» деп аталатын атақ¬ты шығармаңызды жазу идеясы қалай келді? – Жастайымнан-ақ, Қасым Аманжолов шығармашылығы ме¬нің жүрегімнің төрінен орын алды. Бейсенбек Әбенов деген нағашым кітап оқуға баулыды. Бір жолы маған Қасым Аманжоловтың 1951 жылы Тәкен Әлімқұловтың алғы сөзімен шыққан үш томдық кіта¬бын алып келді. Бұл кітаптар жеке кітапханамда әлі күнге дейін сақ¬тау¬лы. Қасымның шығармашы¬лығы қатты баурағаны соншалық¬ты, оның жырларын әлі күнге дейін жатқа білемін. Кейін жоқтаушысы жоқ Қасым да ұмытыла бастады. Содан «Қазақ әдебиетіне» «Қасым қалай жазды?» деген мақала жаздым. Арада біраз уақыт өткенде қарақалпақстандық оқырманнан Қасым туралы роман жазу¬ды сұраған хат келді. Осы хат¬тың түрткі болуымен, Қасым тура¬лы пьеса жазылды. Одан кейін Қасымның өмір жолына тереңірек үңілдім. Оның әдебиет әлеміндегі дос жарандары мен әріптестерімен көп сырлас¬тым. Нәтижесінде, оқырман қа¬уым¬ның ерекше ықыласына бө-ленген «Екінші өмір» атты ро¬ман өмірге келді. Бұл туынды бірқатар шет тілдеріне аударылғандықтан, алыс-жақын шетелге де жете таныс. – Сізді сынағандар көп пе? – Өмірдің ақ пен қарасының қатар жүретіндігі іспетті, шығарма¬шы¬лық адамдарының сын мен мақтауды қатар естуін заңдылық деп білемін. Жеке басыма келсек, мені сынағандар да, мақтауымды асырғандар да жетерлік. – Сәбит аға, сіздің сын жанрына қалам тербегеніңізді де білеміз. Жалпы, бұл жанр сізге не берді? – Атақты журналист Төлеубай Ыдырысовтың кеңесімен сын жан¬рына бет бұрдым. Әділдікті ту етемін деп қазақ әдебиеті алып¬тары¬ның да кейбір шығармалары сын садағыма ілінгені бар. Содан кейін, жауларымның көбейгені де рас. Сыннан көп «таяқ жесем» де қол үзген жоқпын. «Соны іздер», «Қазына», «Жүректің отын сөндір¬ме» деген моно¬гра¬фия¬ларым жарық¬¬қа шықты. Блиц-сауал: – Ең жақсы көретін сөзіңіз қандай? – Аман бол! – Ең ұнатпайтын сөзіңіз? – «Жоқ». – Сіздіңше бақыт деген не? – Бақытсыздық болмаса, сол – бақыт. – Ең әлсіз тұсыңыз? – Сенгіштігім. – Өмірде пендешілікке бой алдырған сәттеріңіз болды ма? – Әрбір пенденің басында ондай сәттер кездеседі. – Қандай мінезіңіз ұнайды? – Салмақтылығым ұнайды. – Ең ұнатпайтын нәрсеңіз? – Эмоцияға берілетіндігім. – Біреуге қиянат жасаған кезіңіз болды ма? – Жоқ. Ешкімге қиянат жасамадым. МЕНІҢ ХОББИІМ – КІТАП ОҚУ –Айтпақшы, сіздің Қонаевпен достығыңыз қалай басталды? Екінің бірі қабылдауына кіре алмайтын тау тұлғамен сіз қалай достасып жүрсіз? – «Қазақ әдебиетінде» бөлім меңгерушісі қызметін атқарып жүрген кезімде Қонаевтың қа¬бы묬-дауына алғаш рет кірдім. Сон¬да өмірімде бірінші рет пат¬шବның алдында сөйлей алмай қалдым. – Мысы басқан шығар... – Олай деуге келіңкіремейтін шы¬ғар. Ол кісі менің айтам деп дайындап барған сөзімді айтып қойды. Бары – осы. – Сонда қалай? – Кабинетіне кіріп, қал-жағ¬дай сұрасқан соң, Дінмұхамед Ахмет¬ұ¬лы: «Бүгін – мен үшін тари¬хи күн. Өйт¬кені өзіңіздей қазақтың жазу¬шы¬сымен кездесіп отырмын. Сол үшін де өзімді бақыт-тымын деп есептеймін», – демесі бар ма?! Ал мен: «Бүгін – тарихи күн. Өйткені өзіңіздей ел басқарып отырған дара тұлғамен кездесіп отырмын. Сол үшін де бақытты¬мын», – деп айтамын деп, дайын¬да¬лып барғанмын. Содан қапелім¬де аузыма басқа сөз түспей, аңта¬ры¬¬¬лып қалғаным бар. Екеуара әдебиет туралы біраз әңгімелестік. Ол кісі арасында бір¬қа¬тар ақын-жазушы туралы сұра-ды. Әңгімеміздің жарасқаны сон¬ша¬лықты, үш сағаттың қалай өте шыққанын да аңғармай қалып¬пыз. Достығымыз осылай бастал¬ды. – Кезінде бір мақалаңызбен-ақ, қыруар шаруа бітіргеніңізді білеміз... Осы төңірегінде де әңгіме тиегін ағыта отырсаңыз... – Ол заманда баспасөздің құды¬реті күшті еді ғой, шіркін. Ұмыт¬пасам, 4-сынып оқып жүрген кезімде «Социалистік Қазақстан» газетіне «Басшылар – айда, халық қайда?» деген мақала жаздым. Ауы¬лымызда моншаның жоқтығы аталмыш мақаланың өзегіне ай¬на묬ған-ды. Мақаланың толық нұсқасы газет бетінде жариялан¬ба¬са да, бұл туралы дерек шыққан-ды. Аядай ғана ауылдың мәселесі бүкіл елге тарағаннан кейін, аудан басшылығы тік тұрып, халыққа жылыту қазандығын алып, монша салып берген еді. Арқалықты қыс¬тан қалай аман алып шыққа¬ным¬ды да жергілікті халық әлі күнге дейін аңыз қылып айтып жүр. Жалпы, мұндай мысалдар жетерлік. – Құпия болмаса биліктің тізгі¬нін ұстаған азаматтармен қарым-қатынасыңыз туралы да айта отыр¬са¬ң¬ыз... – Билікте жүрген азаматтардың көп¬шілігімен сәлемім түзу. Олар¬дың бәрін тізбектеп отырудың қаже¬ті шамалы. Сондықтан бұл тұрғыда Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевпен қарым-қатынасым туралы аз-кем айтып өткенім жөн шығар. Біріншіден, Нұрсұлтан Әбішұлы – менің сүйікті оқырма-ны쬬¬ның бірі. Екіншіден, біз жол¬дас¬¬¬пыз. Үшіншіден, Құдай қосқан мыңжылдық құдамыз. Бүгінгі Президентіміз Қасым Жомарт Тоқаевпен де қарым-қатынасым түзу. Мерекелерде ол кісі арнайы құттықтау жіберіп тұра¬ды. Бір жолы ел газеті – «Еге¬мен Қазақстанға» тәуелсіз Қазақ¬стан мен Елбасымыз туралы мақа¬лам шыққанан кейін хабарласып, шығармашылығыма зор табыс тіледі. Жалпы, әдебиет өкілдерімен биліктің тығыз қарым-қатынас орнатқаны жөн-ақ. Бүгінде Жазу¬шы¬лар одағының бастамасымен бұл бағыттағы жұмыстар күн санап жанда¬нып келеді десек қателес¬пей¬міз. – Жазу тәртібіңіз қалай? Күй талғайсыз ба? – Таңғы астан кейін баспасөзге шолу жасаймын. Еліміздегі жарық көретін республикалық басылым¬ның барлығының дерлік тұрақты оқырманымын. Түстен кейін сағат үш пен алтының арасы – тыныға¬тын уақытым. Кешқұрым көркем әдебиет оқимын немесе шығарма¬шы¬¬лықпен айналыса¬мын. Көбіне түнде жазамын. Өйткені түн – тыныштық әлемі. Жаныма жайлы¬лық сыйлайтын мезет те осы. – Жазудан өзге қандай ермегіңіз бар? – Менің хоббиім – кітап оқу. Бұрын¬дары қаламсап жинағанмын. Кейін бәрін таратып жібердім. – Өмірлік принципіңіз қандай? – Менің өмірлік принципім – қандай жағдайда да өтірік айтпау. Адамнан айлаңды асыруың мүм-кін, бірақ Алладан ештеңе жасыра алмайсың. Жылтыраған өтірікті суқаным сүймейді. Өзімнің көлгір¬сіп, өтірікті көпірткен кезім жоқ. Ілуде бір зиянсыз өтірік айтқан болуым мүмкін. – Жаныңызды ұғар достарыңыз туралы сыр шертсеңіз... Достыққа адалсыз ба? – Әрине, досқа адалмын. Қазақ¬тың белгілі жазушысы Олжас Сүлейменов екеуміздің достығы-мыз¬ға елу жылдан асты. Бір-бірі¬міз¬ге адалдық танытуымыздың арқасында арамыздан қыл өткен емес деп айта аламын. Менің де Олжастың да жаулары аз емес еді. Дегенмен осындай қиын кезеңдер¬де, бір-бірімізді тек қана қолдай білдік. Екеуміз бір-біріміз үшін қаншама рет «таяқ» жедік те. Бірақ қай кезде де бір-бірімізді сатқан емеспіз. – Жазушылардың арасында шетелдік достары көбі де өзіңіз-ау... Өзге ұлттың өкілдерімен қалай тіл табысасыз? Осының да сырын ақтарсаңыз екен? – Оның әлдеқандай бір сыры жоқ. Мүмкін жақынды да, жатты да жатсынбайтын қазақы қалпым¬ның арқасы шығар. Тағы бір атап өтерлік дүние – 1973 жылы елімізде Азия–Африка елдерінің 5-кон¬фе¬ре¬нциясы өтті. Осынау дүбірлі шараға дүниежүзінің әлемге аты мәшһүр жазушылары¬ның барлығы бас қосты. Ел үшін де әдебиетіміз үшін де тарихи маңызы зор бұл шарада жазушы¬лар¬дың штабын басқару маған жүктелді. Өзіме артылған сенімге селкеу түсірмей, қызметімді өте жоғары деңгейде атқарып шықтым. Осы халықаралық жиыннан кейін әлемнің түкпір-түкпірінен достар таптым. Сол кезде бастау алған таныстығымыз достыққа ұласып, әлі күнге дейін жалғасын тауып келеді. «ДОСАНОВ – АФРИКАДА ДА ДОСАНОВ» – Қаламгер қауымның арасында «Досанов – Африкада да Досанов» деген сөздің бар екенін білеміз. Осы сөздің шығу мәнісіне тоқталып кетсеңіз... – Бір күні атақты жазушылары¬мыз¬дың бірінің Африкаға жолы түсіпті. Содан барған шаруасын бітіріп, елге қарай қайтайын десе ұшағы екі күннен кейін ұшады екен. Қапияда қалтасында қаржы¬сы таусылғанын өзі де аңғармай қалыпты. Өзі аса біліңкіремейтін сонау Африкада далада қалғандай күй кешкен оның ойына менің достарым орала кетеді ғой. Содан Африканың белгілі жазушысы Тедир Диапқа менің атымнан хабар¬ласып мән-жайды айтады. Ол кісі сол мезетте-ақ, арнайы кө¬лік жіберіп оны алдырып, арнайы қонақ етіп күтіп, құрмет көрсетеді. Билетін де әперіп, ұшаққа отыр¬ғы¬зып жібереді. Содан сол ағамыз елге оралған соң «Досанов – Афр謬¬ка¬да да Досанов» деп афри¬калық жазушылардың өзіне көр¬сет¬кен сый-құрметін жыр қылып айтқаны бар. – Мінезіңіз қандай? Отбасына жайлысыз ба? – Негізінен, момын әрі өте жуас адаммын. Бірақ намысыма ти¬се, бір кешірем, екінші рет кеші-рем, үшіншісінде кешіре алмай¬мын. Отбасына жайлымын. Көп нәрсеге араласа бермеймін. – Жан жарыңыз Құралай ханымды қалай жолықтырдыңыз? – Алла берген тіл байлығының арқасында кез келген адамның тілін табу маған аса бір қиындық туғыза қоймайды. Бірақ ауылдан келген мен үшін астаналық арудың көңілінен шығу оңайға түспегенін несіне жасырайын? Небір қызық¬ты да қимас сәттер өтті ғой. 1985 жылы «Вокруг Европа» бағдарламасымен шетелге саяхат¬тадық. Өзімнен он жас кіші Құралай¬ды сол кезде кезіктірдім. Ол тұста мен КСРО әдебиет қоры Қазақ бөлімшесінің директоры қызметіндемін. Билік тізгіні қолымда. Сөйткен маған мұрнын шүйіріп қарағысы келмеді ол. Киноға, биге шақырамын, бірақ маған жуыйтын түрі жоқ. Тіпті бұры¬лып та қарағысы келмейді. Соған зығырданым қайнап: «Мен – Сәбит Досановпын, сен бір жапырақ боп алып маған неге қарамайсың?», – дедім. Ал ол: «Ну, и что», – деп шорт кесіп, сөйлеспей қойғаны бар. Ол заманда қазіргідей телефон деген жоқ. Қайта-қайта ақ қағазға хат жазып жіберіп отырдым. Хатты оқыды деген хабар жетсе, көңілім бір марқайып қалатын. – Ол кісінің ата-анасының сізге деген көзқарасы қандай еді? – Құралайдың әкесі – белгілі дипломат Ахмет Аққошқаров, ал анасы – қазақ әйелдерінен шық-қан тұңғыш геолог, академик Пат¬ша¬йым Тәжібаева. Біз екеуміз бас қосқанда әкесі өмірден өтіп кет¬кен-ді. Ал анамыз – Патша¬йым¬ның маған деген көзқарасы қашан да оң еді. Мені өз ұлындай қабыл¬да¬ды. Екеумізге дүркіретіп той жасап, бақыт тіледі. Той үстінде анамыздың: «Бүгін менің арманым орындалды, ұлым жоқ еді, ұлды болдым», – дегені әлі күнге дейін есімде. – Өмірлік серігіңізге сыйлық жасап қуантып тұратын шығарсыз? – Құралай екеуміздің шаңырақ көтергенімізге бүгінде 33 жылға жуықтады. Сыйлықтардың атын атап, түсін түстеп жату қисынсыз. Отасқанымызға отыз жыл толған тұста оған қандай сый жасарымды білмей, біраз ойландым. Ақыры көп толғанып, «Ақыл мен сұлулық¬тан жаратылған, жан екенсің жаным-ау дара туған» атты кітап шығардым. Жан жарыма сыйлаған ең бір бағалы сыйлығым¬ның бірі осы деп ойлаймын. – Ұлыңыз Данияр туралы да бірер сөз қозғасаңыз? – Данияр – бұл ерекше туған бала еді. Он жасқа дейін денсаулы¬ғы жиі мазалады. Үнемі дәрігердің бақы¬лауында жүрді. Демікпе ау¬руы¬на шалдыққандық¬тан, тұрақ¬ты түрде Қырғызстанға барып ем алып тұрды. Өсе келе денсаулығы бір қалыпқа келе бастады. 21 жасында Анжелика атты орыс қызына біздің рұқсаты¬мыз¬бен үйленді. Дәл үйлену тойы күні өмірден өткені өзегімізді өртеген өкінішке айналды. Ал ойда-жоқта сүйген жанынан айрылған Анже¬ли¬ка Досанова Даниярдың өмірден өтке¬ніне 6 жылдан асса да, әлі күн¬ге дейін тұрмыс құрған жоқ. Бүгін¬де ұлымыздың орындалмай қал¬ған бизнес жоспарларын жүзеге асыруда. Даниярымды ойласам, көкіре¬гім қарыс айрылады. Көзім жасқа, көңілім қайғыға толады. Ұлымды бір көруге зар болып сағынғанда дене мұздап, жүрек сыздап кетеді. Алайда Алла ісіне не шара? Алла салды, мен көндім. Амалым бар ма, көнбеске, тозақтай азапқа төз¬бес¬ке? Аз ба, көп пе қалған өмірде Даниярымды жоқтап өтемін... Шексіз сүйдім жанымнан ар¬тық көрген Даниярымды. Қазір де сүйем, мен оны! Көкжиекке сің-ген күн құсап бір күні мен де бата¬мын, жарық дүние дейтін жал¬ғанға қолды бір сілтеп, Даниярым¬ның жанына барып жатамын... – Көкейде жүрген қандай тіле¬гі¬ңіз бар? – Бірінші айтар тілегім: ел бақыт¬ты болмай, ер бақытты бол¬майды. Тәу етер – Тәуелсіз¬дігі¬міздің тұғыры қашан да биік, елі¬міз аман, жұртымыз тыныш бол¬сын! Жаратқан иеміз жарыл¬қап, халқымызды айтып келмейтін түрлі апаттан сақтаса екен. Екінші тілегім: Алла амандық берсе, жарты жылды артқа таста¬сам, сексенге табан тіреймін. Тоқ¬¬-санды да көрсем, бойдағы білімімді халқыма берсем екен деп тілеймін. – Әңгімеңізге рақмет! Сұхбаттасқан Гүлмира САДЫҚ