Екі айда 4,2 миллион қазақстандық жұмыссыз қалған
Екі айда 4,2 миллион қазақстандық жұмыссыз қалған
Фото: Интернеттен алынды
152
оқылды
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтің айтуынша, карантин жеңілдетілгеннің өзінде 700 мыңнан астам адам жұмыссыз қалып отыр. Тіпті бұл көрсеткіш тағы да өсуі мүмкін. Министрлік жыл соңына дейін азаматтарды тұрақты жұмысқа орналастыруды көздеп отыр. Ведомство басшысы биыл 1 миллион 200 мың адамға жұмыс тауып беруге ниетті.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов: «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына былтырдың өзінде 660 мың адам қатысып, 450 мың адам жұмысқа орналасты. Осы жылдың өзінде 224 мың адам қатысып, 185 мыңы орналасты. Бұл жерде көп көмек көрсетеміз. Біріншіден ашық вакансияға баруға көмектесеміз. Былтыр да дәл осылай 99 мың адамға көмек берілді», – деді.
Бұдан бөлек, министрлік елде қиын жағдайда қалған 101 мың отбасыны анықтады. Енді олардың жағдайын жақсарту үшін «Отбасының әлеуметтік картасы» бағдарламасын жүзеге асырылмақ. Біржан Нұрымбетов жаңа жоба арқылы жағдайы төмен азаматтарды жұмысқа орналастыру, тегін медициналық көмек алу, балаларын балабақшаларға тіркеу шараларын қамтамасыз етеміз деп отыр.