30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

30 маусымда Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Мәжілістің баспасөз қызметінің хабарлауынша, жиын сағат 10:00-де басталады. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабы 2-тармақшасына сәйкес, Парламент палаталарының бірлескен отырысы 2020 жылдың 30 маусымында сағат 10:00-де өтеді» делінген Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин қол қойған ресми құжатта.