Ақтаулық үшем әскерге аттанды
Ақтаулық үшем әскерге аттанды
Фото: Интернеттен алынды
132
оқылды
«Болашақ» колледжінде су көлігін пайдалану мамандығы бойынша білім алған олар биыл оқуды аяқтап өз еріктерімен әскерге аттануға ше­шім қабылдаған. – Әскерде қызмет ету бала күнгі арманымыз еді. Себебі Отан алдындағы борышты өтеу – ерлік. Елді, жерді қорғау – әркімнің парызы, міндеті. Абыройлы міндетті ерік-жігермен орындайтынымызға сенімдіміз, деген Ақарыстың сөзін бауырлары қолдап-қуаттап отыр. Спортты жанына серік еткен жас жігіттер өздерін көңілді, ширақ ұстап, «Отан қорғауға дайынбыз» деп тұр. Ақарыс үш жылдай каратэге қатысса, Бекарыстың осы спорт түрімен айналысып жүргеніне тоғыз жыл болған. Тоғыз жыл ішінде ол бірқатар жарыста олжа салып, чемпион атанып та үлгерген. Ал Жанарыс – күреске қатысып, аталған спорт түрі­нің қыр-сырына қаныққан бал­уан. Енді олар Орал қаласында Ұлт­тық ұлан сарбаздары атанбақ. Маңғыстау облысы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуандық Бердіғалиев әскерге баратын жігіттерге сәттілік тілеп, ел алдындағы міндетті абыроймен орындалуларына тілек білдірді.

Жазира ҚУАНЫШXАНҚЫЗЫ