Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының иегерлері марапатталды
Бейсен Құранбек атындағы «Жігер» сыйлығының иегерлері марапатталды
Фото: Интернеттен алынды
«Жігер» сыйлығы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің бастамасымен тағайындалып отыр.
Ұлттық сыйлықтың басты мақсаты – белгілі тележурналист Бейсен Құранбектің есімін ұлықтау, талантты жас журналистерді таныту, олардың кәсіби жағынан одан әрі дамуына қолдау көрсету.
Сонымен, «Жігер» сыйлығының «Әлеуметтік тақырыптағы үздік сюжет» аталымында «Хабар 24» телеарнасының тілшісі Мерей Шомаханова, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік мақала» аталымында Egemen Qazaqstan газетінің ШҚО-дағы тілшісі Азамат Қасым, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік фотосурет» аталымында Pavlodarnews.kz ақпарат агенттігінің фототілшісі Ольга Бугаева, «Әлеуметтік тақырыптағы үздік материал» аталымында «Алматы» телеарнасының редакторы Ақжелең Рахатдинқызы иеленді.