25 маусымдағы мәлімет бойынша, наурыздан бастап өңірде коронавирус жұқтырған 3209 адам тіркелген: оның ішінде, ауру белгісімен 1560 адам, ауру белгісі жоқ 1649 адам анықталған, – деп жазады ATPpress.kz.
«Шынын айту керек, жағдай қиындап барады. Бүгінгі жағдай сәуір, мамырдағы жағдайға қарағанда қиын екенін жасырмаймыз. Бір тәулікте коронавирус жұқтыратындар саны күрт ұлғайды. Бұрын күніне бес адам анықталса, енді күніне 20-25 адам түседі», – деді Бақытгүл Хаменова.Бақытгүл Хаменованың айтуынша, жақын күндері Геолог поселкесінің емханасында және қосымша Атырау облыстық ауруханасында провизорлық стационар ашылады.
«Мен жерлестерге үндеу жасаймын! Бәлкім, сіздердің араларыңызда медицина мамандары: реаниматолог, инфекционист, эпидемиологтар болса, . Бізде мамандар тапшы», – деді облыс әкімінің орынбасары.Хаменова медициналық стационарларда 111 жасанды тыныс алдыру аппараты барын, бірақ ол жетпейді.