Жауынгерлік өнер фестивалі өтті
Жауынгерлік  өнер фестивалі өтті
157
оқылды

«Жекпе-жек» сарайын­да Жауынгерлік өнер фестивалі өтті.

Фестиваль Қазақстан жауын­герлік өнері ассоцияциясының ұйымдастыруымен өтті. Елбасы қолдауымен 2018 жылдың қыр­күйек айында құрылған ассоция­ция құрамында бүгінде 200 мың­нан астам спортшы бар. Бұл фес­тиваль – осы жылдың 7 мамы­­­ры­нан Қазақстанның он алты қаласында өткен Жауын­герлік өнер фестивальдерінің қорытын­дысы.

Қазақстанның Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова спортсүйер қауым­ды Жастар жылы аясында Астана күні мерекесіне орай ұйымдасты­рыл­ған Жауынгерлік өнер фести­ва­лімен құттықтады.

– Жобаның басты мақсаты – өскелең ұрпақ арасында саламат­ты өмір салтын насихаттау. Бүгінгі кеште Жауынгерлік өнер ассо­ция­­циясының құрамына кіретін жекпе-жек спортының 21 түрінен спортшылар өнерін тамашалай­мыз. Жиналған қауымның фести­валь­ден ұмытылмас әсер алуына тілектеспін, – деді министр.

Сондай-ақ шараға Халықара­лық спорт федерациясы әлемдік қауымдастығының вице-прези­ден­ті Стефан Фокс келді.

– Қазақстан үнемі қонақ­жай­лы­лығымен таңғалдырады. Сіз­дер әрдайым өздеріңіздің спортқа жақындықтарыңызды көрсетіп келесіздер. Осы орайда Қазақстан 2021 жылы Дүниежүзілік жауын­гер­лік ойындарын қабылдайты­нын айта кеткім келеді. Бұл спорт­тық қабілетті көрсетуге мық­ты мүмкіндік деп білемін, – деді ол құттықтау сөзінде.

Гала-фестивальде Азия, Евро­па, Әлем чемпионаттары жүл­де­герлерінің муай-тай, панк­ра­тион, қоян-қолтық күрес, кикбоксинг, самбо сияқты жауынгерлік өнер түрлерінен жекпе-жектері өтіп, жеңімпаздар анықталды.

Көрермен жадында муай-тай жауынгерлік өнер түрінен 54 келі салмақта өнер көрсетіп, тайланд­тық қарсыласын нокаутпен жең­ген Николай Самусев (лақап аты «Жауынгер») жақсы сақталғанын айта кеткен жөн. Себебі, Николай жеңісін қазақ еліне арнайтынын және қаламақысының бір бөлігін Арысқа аударатынын мәлімдеді.

Жауынгерлік өнер әлі талай Николай Самусев сияқты халқы­на жанашыр жеңімпаздар­мен толығатынына сенім мол.