Жазғы мектеп басталды
Жазғы мектеп басталды
Шетелде тұратын этникалық қазақ оқушылары үшін Нұр-Сұлтан қаласында алғаш рет «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебі өз есігін айқара ашты. Мектептің ашылу салтанатына Білім және ғылым министрі Асxат Аймағамбетов сөз сөйледі.

– Шет елдерде жүрген бауырла­ры­­мыз – баға жетпес бай қазына­мыз. «Ұлы дала ұрпағы» жазғы мектебін ұйымдас­тыруы­мыздағы негізгі мақ­са­тымыз да жастардың түп қазығын танып, тамырын ата-жұртында жаюына үлес қосу. Әлем­нің 7 елінен келген қандаста­ры­мыз үшін ашыл­ған жазғы мек­теп жоба қатысушы­ларының көңіл­­­де­рінен шығады деген үмітте­міз, – деді ол.

«Назарбаев Зияткерлік мектеп­тері» дербес білім беру ұйымы Дүние­жүзінің қазақтары қауым­дастығы және «Отандастар Қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамымен бірлесе ұйымдастырған жазғы мектеп 10-24 шілде аралы­ғында жұмыс істейді. Бүгін­гі таңда Қазақстанның Білім және ғылым министрлігімен қатар Ақпарат және қоғамдық даму ми­нистрлігі, «Қазақ елі» шетелде тұра­тын этникалық қазақ жастары клу­бы және Generation Next ақпа­раттық порталы жазғы мектепті өткі­зуге қолдау танытып отыр. Жаз­ғы мектепке Иран Ислам Республи­касы, Ресей Федерациясы, Моңғо­лия, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжік­стан және Түркіменстанда тұратын қазақ диаспорасынан 12-17 жас аралығындағы 500 оқушы жи­налды. Жазғы мектеп бағдар­ламасы шеңберінде Қазақстан тарихы және қазақ тілі пәндері оқытылып, ұлт­тық құндылығымызды дәріп­тейтін музыка, домбыра, қолөнер үйір­ме­лері арқылы ұлттық жәді­гер­леріміз зерделенеді.