Демалыс күндері қай өңірлерде карантин күшейтіледі?
Демалыс күндері қай өңірлерде карантин күшейтіледі?
© Reuters
110
оқылды
Демалыс күндері Қазақстанның бірқатар өңірінде карантиндік шектеу енгізіледі. Батыс Қазақстан облысында коронавирус жағдайына байланысты 27 және 28 маусымда азаматтардың қозғалысы шектелді. Жұмысқа баратын азаматтардан басқа адамдардың жүріп-тұруына шектеу қойылады. Үйге жақын орналасқан дүкен мен дәріханаға шығуға болады. Сондай-ақ шұғыл жағдай бойынша медициналық ұйымдарға шығуға және үй жануарларын серуендетуге болады.
Сенбі және жексенбі күндері 65 жастан асқан адамдардың көшеге шығуын шектеу ұсынылды.
Сондай-ақ келесі нысандардың жұмысы тоқтатылады: сауда үйі, ойын-сауы орталықтары, сауда нысандары, қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылады, саябақ, сквер, жағалау мен басқа да демалыс орындарының, фитнес-орталықтар мен жалпы спорт нысандары. Қоғамдық тамақтану орындары тек "жеткізу қызметі" бойынша және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып 30 орындық, көшеде орналасқан кафелерге рұқсат беріледі. Дәл осындай шектеу шаралары Атырау облысында 27-28 маусым күндері енгізіледі. Өскеменде 27 маусымнан 11 шілдеге дейін жаңа қатаң карантин режимі енгізіледі. Қаладағы эпидемиологиялық жағдай ауыр, соңғы жеті күндегі өсім - 16,6 пайыз. Бірінші кезекте көлік иелері үшін өткізу режимін енгізу жоспарлануда. Қала әкіміне азаматтардың жеке автокөлік құралдарын пайдалануды шектеу тапсырылды. Қала аумағында демалыс және мереке күндері, сондай-ақ түнгі уақытта жұмыс күндері сағат 22:00-ден 05:00-ге дейін жеке автокөлікпен жүруге тыйым салынады. Мемлекеттік нөмірдің соңғы санын "жұп", "тақ" ережесі бойынша мемлекеттік нөмір белгісіне байланыстыра отырып, тек жұмыс күндері ғана көлікпен жүруге рұқсат берілді. Жаяу жүргіншілердің жүріп-тұруына өткізу құжаты арқылы рұқсат беріледі. Мәселен, адамдарға ақ немесе жасыл түстерге байланысты жұп немесе тақ күндері шығуға болады. Одан бөлек, жергілікті  билік тұрғындар маскалар тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтап, үш адамнан артық жиналмауын қадағалайтын болады. Сондай-ақ елорда мен Алматыда да карантин күшейтіледі.