«Еңбектен» – еңбекке
«Еңбектен» – еңбекке
5,201
оқылды

Үкіметтің жоспарлы түрде өткізіп жатқан жұмыссыздықты жою, тұрғын үймен қамтамасыз ету, кәсіпкерлікті дамыту бағдарламалары өз нәтижесін беріп келді.

Соның бірі – елорда әкімдігінің тұрғын үй қоры 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» нәтижелі жұмыс­пен қамтуды және жаппай кәсіп­кер­­лікті дамыту бағдарламасы ая­сын­да Солтүстік Қазақстан облы­сын­да жалға берілетін баспана алу­ға құжаттар қабылдауды бастап кетті. Баспаналы болғысы келген­дерге жалға берілетін тұрғын үй ретінде Солтүстік Қазақстан облы­сы Ғабит Мүсірепов ауданын­дағы Ковыльное, Новоишимское, Шөп­ті­көл, Пески, Разгульное ауыл­дарындағы үйлерді ұсынып отыр. Баспаналардың жалпы ауда­ны 70-90 шаршы метрді құрайды. 5 жыл өткеннен кейін пәтерді жеке­­ше­лен­діруге болады, ал ай сайынғы жал­дау ақысы – 7000-9000 теңге. Бұл рет­те бағдарламаға қатысушы­лар­дың әрбір отбасы мүше­сіне 88 375 тең­ге мөлшерінде бір­жолғы әлеу­мет­­­тік көмек төле­неді. Бағдар­ла­ма­ға қатысу үшін Нұр-Сұлтанда тұр­­ғын үйге кезекте тұру қажет, отба­сында 3 және одан да көп бала болуы тиіс. Үміткерлер­ге талап: ме­ха­­ни­за­тор, электрик, токарь, құры­лыс­шы, мал дәрігері, малшы, Камаз жүр­гізушісі, энерге­тик сынды ма­ман­­дық иесі болуы тиіс. Ал егер жо­­­­­ғарыда аталған ма­ман­дық бол­ма­са, тегін оқу мүмкіндігі де ұсы­ны­лады.