Алматыда демалыс күндері қандай нысандар ашық болатыны белгілі болды
Алматыда демалыс күндері қандай нысандар ашық болатыны белгілі болды
217
оқылды
Алматыда парктер мен скверлер демалыста ашық болады. Бұл туралы Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев онлайн брифингте айтты. «Өткен аптада бізде парктер, скверлер жабық болатын. Осы аптада парк, сквер, Медеу, Шымбұлақ, Арбаттағы Панфилов көшесіндегі жаяу жүргін алаңдар ашық болады. Адамдар таза ауада серуендегені дұрыс», - деді ол. Айта кету керек, әкімдік бүгін вирус таралу қаупі жоғары саналатын нысандарды демалыс күндері жабу туралы шешім қабылдады. Оған дейін Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі осындай қаулы қабылдаған болатын.