Атырауда блокпост арқылы өту үшін пара берген әйел сотталды

Атырауда блокпост арқылы өту үшін пара берген әйел сотталды

Коронавирустың алдын алуға байланысты жарияланған карантин кезінде блокпостты айналып өтпек болған атыраулық тұрғын сотталды. Ол бекетті күзетіп тұрған тәртіп сақшыларына пара ұсынған деп хабарлайды, -  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстық филиалы. А.Сағиева есімді азамат Атырау облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы және азаматтық қорғаныс басқармасы бөлімінің басшылығына пара берген. Мемқызметкерлер дереу жемқорлықпен күрес қызметінің мамандарына хабарлаған. Атырау қалалық №2 сотының үкімімен Сағиева мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айрылды және ол 112 мың теңге айыппұл төлеуі тиіс.