Қазақстандықтар шетелге шыға ала ма?
Қазақстандықтар шетелге шыға ала ма?
148
оқылды
Бұл туралы ҰҚК Шекара қыз­меті Шекаралық бақылау де­пар­таменті бастығының орын­басары, полковник Олег Фисенко Орталық ком­му­никация­лар қыз­метінде өткен баспасөз мә­сли­хатында мә­лімдеді. Ай­туынша, рес­пуб­ликада әлі де шек­теу шаралары күшінде тұр.
– Алайда қазіргі таңда қа­зақстандықтар қолжетімді көлік­тің кез келген түрімен шетелге шығып, қайта орала алады. Сонымен бірге шетелдіктерге де Қазақстанға кіруге рұқсат бар, – дейді Олег Фисенко.
Қазақстандықтар Ресейдегі туған-туыстарымен қауышқысы келсе, оған ешқандай кедергі жоқ. Тек бір ескеретін жайт, жасөс­пірімдер шекарадан тек ата-ана­сымен бірге өте алады. Сондай-ақ шекарадан шығу үшін елден не себепті кетіп бара жатқанын түсіндіретін құжат болуы керек. Ал Көліктегі мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Сәдуақас Байғабылов шетелге емделу мақ­сатында шекарадан қандай құжат­тармен өтуге болатынын айтты.
– Шетелге емделу үшін шыға­тын адамда алдымен дәрігерлік-консультативтік комиссияның шешімі болуы тиіс. Сол жерде нау­қасты шұғыл емдеу туралы жазылады. Сонымен шетелдегі медициналық мекеменің шақыру хаты болуы шарт. Аударманы нотариус рәсімдеуі қажет. Міне, осы екі құжатпен шекарадан кедергісіз өтуге болады, – дейді Байғабылов.
 

Айдар ДӘУІТҰЛЫ