80 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады
80 үй орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылады
Qutty meken ұлттық жобасы аясында объектіде жүргізіліп жатқан жұмыстармен «Nur Otan» партиясы аудандық фи­лиалының мониторинг тобы танысты. Сонымен қатар осы жылы аяқ­талатын орталық қазан­дық­қа жөндеу жұмыстары жүргі­зілу­де. Қазіргі уақытта орталық қа­зандыққа 46 нысан, оның ішін­де 15 көппәтерлі тұрғын үй қо­сылды. Биыл 34 тұрғын үйді қосу жоспарлануда. Барлығы қа­­­зандықтың жөндеуге және ма­гистральдық пен таратушы же­лілерін құрылысына 1 млрд 865 млн теңге жұмсалған. – Бірінші резервтік қазан­дық­ты есепке алмағанда қазан­дықт­ың жұмыс өнімділігі 15,05 Гкал/сағ құрайды. Қазандықты жөн­деуге облыстық бюджеттен 40 млн теңге бөлінді. Қазіргі уа­қытта жұмыс аяқталуда: қож шы­ғару желісі жөнделді, үрлеу же­лдеткіштерінің под­шип­ник­те­рі мен редукторлардың под­ши­пниктері ауыстырылды, қа­рау алаңы жөнделді, 4 қазандық ны­ғыздалды, – деп атап өтті «Мех­колонна Ремстройсер-вис» ЖШС мердігер ұйымның ди­рек­торы Леонид Рапацевич. jily jyiesi1 Аудан орталығы Бескөл ауы­лындағы бірнеше үй соңғы 6 жыл бойы орталық қазандық ар­қылы жылытылып келді. Тұр­ғын­дар жылу мәселесі бойынша еш­қандай шағымдары жоқ еке­нін айтты. – Үйімізге жылу келіп тұр. Ал­­дың­ғы жылдары жылу беру мау­сымы кезінде де ешқандай проб­лема болған жоқ. Көршілер де дән риза. Бізді көшенің тұр­ғындарының бұл мәселе бойын­ша ешқандай шағымдары жоқ. Егер орталықтандырылған жы­лу жүйесіне алдағы уақытта көп үй­лер қосылса, онда бұл тұр­ғын­дар үшін жақсы жаңалық бо­лар еді. Міне, сол кезде жұрт отын, көмір сатып алу керек деп әуре-сарсаңға түспейді. Партия бүгінде осы жұмыстарға бақы­лау жүргізіп жатқанынан хабар­дар­мын, – деді Әсия Жақыпова. Қызылжар ауданында Qutty meken ұлттық жобасы ая­сын­да 100-ден астам нысанның құры­лы­сы жүргізілуде. Олардың бар­­лығы «Nur Otan» партиясы ау­дандық филиалының пар­тия­лық бақылау комиссиясының және мониторингтік тобының тұрақты бақылауына алынды.  

А.ЖАСАНҰЛЫ