Қуаты қайтқан ел жаман
Қуаты қайтқан ел жаман
90-жылдары ауыл түгіл, қа­ла халқы қараңғыда отыр­ды: кейбірі ыстық тамақты кө­­шеге шығып дайын­дай­тын, балконға «буржуйка» ор­­натқаны да болды. Ток бе­­­ріл­се, тек бірер сағат жылт ете­тін. Жарықсыз үй­де саба­ғы­мызды білтелі шам­­мен оқи­тынбыз. Бү­гін­де мұндай көрі­ністі әлемдегі ең кедей ел­дер­ден көріп жүр­міз. Бірақ елі­мізде де осы салада мә­селе жетіп ар­тылады.    Басқа-басқа, дәл Қазақстан үшін электр энергетикасы ерек­ше маңызға ие. Себебі ел эко­но­­микасы дамыған мемлекет­тер­мен салыстырғанда қуат тұр­ғысынан аса шығынды. Де­мек, қуат тапшылығы туындаса, онсы­з да кері кетіп тұрған ЖІӨ құрдымға құлауы ықтимал. Біз­де электрдің мол өндірілуіне, сенімді әрі сапалы жеткізілуіне, сондай-ақ арзан болуына көп сектордың тағдыры тәуелді. Халықаралық энергети­ка­лық агенттіктің мәліметінше, қуат шығындау жөнінен Қазақ­стан дүниежүзінде соңғы орын­ның бірінде тұр (147 елдің ара­сында 119-орында). Көш соңын­­­да салпақтау нені біл­діре­ді? Республиканың жалпы ішкі өнімін өндіру үшін тұтыныла­тын энергия шығыны орташа әлем­дік көрсеткіштен екі есе, ал ­дамыған елдер кіретін ЭЫДҰ орта­ша көрсеткішінен 3,5 есе жо­ғары деген сөз. Бұл қайта ілгерілегені: кейін­гі 10 жылда ЖІӨ-нің «энер­гия­лық сыйымдылығы» 18%-ға тө­­­мендетілген. ТМД көлемінде Қа­зақстан тек 5-орында. Бізден қырғыз елі де озып кетті.  

Энергетикалық тәуелсіздік орнады

Тәуелсіздік жылдарындағы же­тіс­тік сол, мемлекетіміз өз ау­ма­ғымызда Бірыңғай электр энер­гетикалық жүйені (БЭЖ) құра алды. Әйтпесе, сонау 1920 жыл­ы Лениннің «коммунизм де­геніміз – кеңес билігі плюс бү­кіл елді электрлендіру» деген ұра­нына құрылған ГОЭЛРО жос­пары және кейінгі КСРО бағд­арламалары нәтижесінде Қа­зақстан өз ішінде тұйықтал­ған жүйеге қол жеткізе алмады. Сал­дарынан, әр облыс көр­ші­лердің токпен қамту жүйесіне кір­ді. Мысалы, оңтүстігіміз – Өз­бекстан мен Қырғыз Респуб­ликасы, батысымыз бен сол­түстігіміз – Ресейден энер­гия сатып алатын. Яғни, әр өңіріміз өзге республикаларға тәуел­ділік­ке түсті. Бұл Кеңес Одағы күйрегенде өңірлердің жарық­сыз қалуына соқтырды. Әрине, бұған төл стансаларымыздың дағ­даруы да үлес қосты. Содан Елбасының тапсырмасымен елі­міздің бір облысынан екіншісіне сым тарту, тірек-бағана тұрғызу бойынша ға­ламат жұмыс қолға алынды. Ақы­рын­да, ГРЭС, ЖЭС бар, Қазақстандағы электр стансалары, электр беру желілері мен шағын стансалар ортақ жүйеге бі­рік­тірілді. Бір өңіріміз іргедегі екін­шісін қуатпен жабдықтай алатын күйге жетті. Сонымен бірге көрші елдермен де бай­ланыс үзілген жоқ: ішкі тұтыныстан ар­тылған қуат сым бойымен Ресейге экс­портталады. Қазіргі кезде ұлттық электр желісіне 35-1 150 киловольт (кВт) кернеуіне ие 297 электр беру желісі кіреді, олардың жал­пы ұзындығы – 24,4 мың шақырым. Бұл – Жер шарын жартылау орауға жете­ді. Сонымен қатар жүйе құрамында кер­неуі 35-1 150 кВт болатын 76 қосалқы электр стансасы бар. БЭЖ-ді «KEGOC» АҚ бір өзі басқарады. Еліміздің салалық жүйелі операторы – сол. Отандық БЭЖ шартты түрде 3 ай­мақ­қа бөлінген: солтүстік, оңтүстік және батыс. Солтүстік аймақ – елдің ауқымды бөлігін – ШҚО, СҚО, Павлодар, Ақ­мо­ла, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Ал­маты облыстарын, Нұр-Сұлтан және Ал­маты қалаларын қамтиды. Оңтүстік аймаққа – Жамбыл, Қы­зылорда, Түркістан облыстары, Шым­кент қаласы және Байқоңыр жатады. Батыс аймақ – Атырау, Батыс Қа­зақ­стан, Маңғыстау облыстарын жаб­дық­тайды. Энергетика министрлігінің тү­сін­діруінше, осы батыс аймақтың «рес­публика аумағы бойынша Қазақстанның БЭЖ-імен электрлік байланысы жоқ». Оқшауланып қалған. «Бүгінде Қазақстанның БЭЖ-і ор­нық­ты жұмыс істеп тұр. Экономиканың және халықтың электр қуатына деген қа­жеттілігі толығымен, сенімді әрі жүйе­лі түрде қамтамасыз етілген» деп сен­дірді меморган.  

Импортқа тәуелді емес сала

Қазақ елінің экономикасы мен тір­шілігі қыз-қыз қайнап, бойындағы қа­жыр-қайраты тасқындауы үшін бүгінде әр­түрлі меншік нысанындағы 150-ден ас­там электр стансасы екпінді түрде қуат өн­діруде. Бұлар өз ішінде «ұлттық маңыз­ы бар», «өнеркәсіптік мақсаттағы» және «аймақтық мақсаттағы» электр стан­сасы болып бөлінеді. «Қазақстанның электр станса­лары­ның жалпы қуаты 2020 жылы 22 936,58 МВт-ты құрады. Жаңғыратын энергия көз­дерінің (ЖЭК) жиынтықты қуаты, шағын су электр стансаларын қоса алғанда, 1 361 МВт болады. Оның ішінде 37-сі – күн электр стансасы (797,6 МВт), 21-і – жел электр стансасы (335,9 МВт), 4-еуі – биоЭС (2,82 МВт). Бұл ретте рес­публикада 2019 жылғы қарашада электр жүктемесі жылдық шырқау ше­гіне – 15,18 мың МВт-қа жетті», – деді Энергетика министрлігі. Қазақ елі сол бұрынғыдай қатты отын жағып бой жылытатын ел болып қа­луда: бізде генерацияланатын бүкіл қуат­тың 69,7%-ы көмірден алынады. Тағы 20%-ы – газдан, 0,1%-ы – мазуттан өн­діріледі. Суды құрықтаған ірі гидро­электр стан­саларының еншісінде – 9%. ЖЭК үлесі небәрі – 1,2%. elektr kyati1 Былтырғы 2019 жылы Қазақстан 105 мил­лиард 193,1 млн  кВт/сағ электр энер­гиясын тұтыныпты. Бұл 2018 жыл­мен салыстырғанда 1,9%-ға көп. Деген­мен биылғы көрсеткіш аздау болуы мүм­кін: коронавирус пандемиясымен күрес аясында енгізілген ТЖ режимі, одан кейінгі шектеу шаралары отандық барлық зауыт-кәсіпорындардың толық қуа­тында жұмыс істеуіне тосқауыл қой­ды, біразы наурыздан бері жабық тұр. Өңірлер бойынша қарасақ, өткен жы­лы оңтүстік аймақ, яғни Жамбыл, Қы­зылорда, Түркістан облыстары, Шым­кент мегаполисі Байқоңырмен бірігіп, энергия шығынын бірден 740,6 млн кВт/сағатқа немесе 3%-ға арт­тыр­ған. Бірақ ең көп қуат тұтынатыны – солтүстік аймақ: бір жылда тағы 1 мил­лиард 197,3 млн кВт/сағатқа немесе 2%-ға артты. Батыс аймақтағы тұтыныс өсімі 26,9 млн кВт/с немесе 0,2% болды. Ең көп шығын – ірі өндіріс орындары мен ірі кәсіпорындарда: олар 35 мил­лиард 50,6 млн кВт/сағ немесе жалпы көлемнің 33,3%-ын жұмсады. Еліміз бір жылда 105,2 млрд кВт/с қуат тұтынғаны әлгінде айтылды. Ал осы кезеңде, 2019 жылы Қазақстан 107,46 млрд кВт/с электр өндіріпті. Артығы көршіге сатылды. Саладағы жетістіктерімізді Еуразия­лық одақ елдерімен салыстыра кету қы­зықты. Ресей – 1 триллион 91,7 мил­лиард, Беларусь – 38,8 млрд, қырғыз елі – 15,6 млрд, Армения 7,8 млрд кВт/с энергия өн­дірді. Бір жыл ішінде Ресей – 1 трил­лион 762 млрд, Беларусь – 37,8 млрд, Қырғыз Республикасы – 13,3 млрд, Ар­мения 5,9 млрд квт/с қуат шығындапты. Экспортқа тоқталсақ, Ресей – 16,7 млрд, Қазақстан – 2,2 млрд, Армения – 1,6 млрд, Беларусь – 1 млрд, Қырғыз Рес­­­публикасы  0,7 млрд кВт/с электрін өзге елдерге сата алған. Импортқа келсек, Ресей – 5,1 млрд, Ар­мения – 0,15 млрд, Беларусь  0,05 млрд кВт/с қуатты шетелден сатып алды. Қазақстан мен Қырғыз Респуб­ли­ка­сы  өзін-өзі толық қамтамасыз етуші ел­дер саналады және импортқа тәуелді емес.  

Түйткілі көп сектор

Бұл салада КСРО кезінен бері көп проб­лема қордаланып қалды. Олардың бі­разын Энергетика министрі Қазақ­стан­ның отын-энергетикалық кешенін да­мы­тудың 2030 жылға дейінгі жаңар­тыл­ған тұжырымдамасында көрсетті. Атап айтқанда, электр энергетика­сы­ның шешуді талап ететін жүйелі мәсе­лелері қатарына салаға құйылып жатқан инвестициялардың жеткіліксіздігі; мем­лекеттік саясаттың үйлесімсіздігі; цифрлы  технологиялардың тапшылығы; еліміздің батыс аймағының БЭЖ-ден оқ­шауланған жұмысы; кәсіби кадр­лар­дың жетіспеушілігі; энергетикалық кәсіпорындарда жарақаттану және апат оқи­ғаларының көптігі: еңбекақы кө­лемінің төмендігі жатқызылды. Тұжырымдамада тіпті өңірлерді электрмен және жылумен жабдықтау жүйе­лерін дамытудың ұзақмерзімді жоспарының жоқтығы ашық айтылған. «Жасыл» қуат көздерін насихаттауға бюджеттен миллиардтап грант берілсе де, инвестиция төгілсе де, ауылдар мен фермерлік шаруашылықтар жаңғыратын қуат көздерімен қамтылмады. Стансалардың негізгі және көмекші құрал-жабдықтарының тозығы жетті. Энергия өндіруші ұйымдар – стан­салар мен жылу-электр орталықтары қуат үнемдейтін және экологияны қорғайтын технологияларды енгізуге құлықсыз. Кесірінен, қалалықтардың көк түтінге қақалуы, ұлт денсаулығының нашарлауы, дерттердің өршуі, қыста қап-қара қардың жаууы секілді үрейлі құбылыстар белең алуда. Белгілі академик, экономика ғылым­дарының докторы, экономист Рашит Кәренов Қазақстанның заманауи энер­ге­тикасының басты кемшілігі – оның тез бітетін ресурстар көзіне сүйенуі дейді. – Мұнай, газ, көмір секілді тез тау­сы­латын энергия көздерінің өндірісі мен тұтынысына иек арту – төтенше тәуекелді іс. Бұларды қарқынды өндіру ресурс қорын ұдайы толықтыруды, ол үшін геологиялық барлауға орасан шығын шығаруды, артынша жаңа кен орындарын игеруге мол инвестиция салуды талап етеді. Ендеше шикізаттың әр тоннасы мен текше метрі барған сайын қымбаттай бермек. Бара-бара бұл ресурстар өндірісін өсірмек түгіл, қол­даныстағы көлемде сақтап тұру мүмкін бол­май қалады. Кейбір қазынаны ақыры түгесіп тынамыз. Қуат көздерін шет­елге шикізат түрінде сату Қазақ­станға тиімсіз, бұл шындап келгенде шет­елдік өндірушіні қолдау. Өйткені еліміз жатжұрттық өндірушіні отынмен және шикізатпен қатар жабдықтайды, – дейді академик Р.Кәренов. Ғалымдардың байламынша, Қазақ­стан синтетикалық сұйық отын түрлерін және көмірден мұнай-химиялық өнім алу технологияларын игергені жөн. Қалай болғанда, ХХІ ғасырда адам­заттың қуат пен жылу өндіру саласын үлкен өзгеріс күтіп тұр. Дамыған елдер осы істе алға кеткенде, оларды мем­ле­ке­тіміз ескіше көмір жағып қуып жете ал­масы сөзсіз.  

Елдос СЕНБАЙ