Салалық журналистика – сапалы контент кепілі
Салалық журналистика – сапалы контент кепілі
фото: ашық дереккөз
БАҚ бетінде, әлеу­меттік же­ліде дүмпу бол­ғанымен, нәтиже жоқ. Жур­на­листика факуль­тетін­дегі жүйе де сол қалпы. Әм­бебап жур­на­лист даяр­лау­дың әу­ре­сі. Ал са­лалық жур­налистиканың ар­тық­шы­лығы қандай? Ол қо­ғам да­муын­да алғышарт бола ала ма?    width=Ербол АЗАНБЕК, қоғаммен бай­ла­ныс маманы, «Іскерлік жур­налистика мектебі», «Іскерлік жур­налистика» көмекші құралы жо­басының жетекшісі:     – Интернет пайда болғалы ақ­­­­парат таратушы да, тұтыну кө­ле­мі, дәстүрлі БАҚ-қа бәсекелес кө­­­­бейді. Қазір қазақ ауди­то­рия­сы­­ның басым бөлігі дәстүрлі ме­диа­дан теледидар көреді, негізінен Instagram мен Youtube-та отырады,  WhatsApp арқылы келетін «кон­тент­ті» тұтынады. Негізгі тақырып көңіл көтеру, түрлі тақырыптағы өсек­тің маңайында екені жасы­рын емес. Бұл қоғамдық деңгейге кері әсер етіп отырған сияқты. Са­па­сыз «контентті» жиі тұтынудың ке­сірінен сауатты ақпаратты дұ­рыс қабылдауда мәселе бар. Мұны біз­ге өткенде 42 500 теңге мәселесі көр­сетті. Қазір БАҚ әлеуметтік желідегі са­пасыз контенттен «жеңіліп» қал­ған сияқты көрінеді. Кейбір БАҚ, әсіресе интернет ресурстар ама­л­сыз сол деңгейге түсіп, сапа­сыз ақпарат таратуға мәжбүр. Бірақ қоғамның сапасыз кон­тент, сары тақырыптан жадай бас­тағаны да байқалады. Жақында пай­да болған «шегіртке» дауы, той­ды азайтайық дегеннің өзі осы­­ны көрсетеді. Бұған тек той­дың жиі болуы ғана емес, той+шоу бизнес туралы сапасыз контенттің көп­тігі де әсер етіп отыр. Өсек не­месе шала ақпараттан сауат арт­пайды, зияны көбірек. Мысалы, бел­гілі бір әншінің үшінші рет тұр­мысқа шыққаны туралы ақ­парат адамға не береді? Одан ай­лық табысы арта ма, несиесі жа­бы­ла ма? Адамға ақпарат сапалы өмір сүру, шешім қабылдау үшін маңызды. Қазір көп адам айлық табысын арттырып, қосымша табыс тапқысы келеді. Бизнес бастағысы келген, табысын арттырғысы келетін, сол бағытта қазақша ақпарат іздейтін адам көп. Бірақ ақпарат жетпейді, БАҚ тұрақты көтермейді, көтерсе де аз немесе түсінікті тілде емес. Нәтижесінде, адамдар қазір түрлі коучтардың дәрісіне қатысып, блогерлердің инстаграм парақшасын оқып кетті. Олар сапалы ма, пайдалы ма? Нақты айту қиын. Өкінішке қарай, бізде бұл ба­ғыттағы салалық БАҚ, контент аз. Бір мысал: Мемлекет бизнес бастауға мүмкіндік жасап жатыр ма? Иә. Бірақ ол өте баяу, ауыр жүзеге асып жатыр ма? Иә. Кейде қоғамға түсініксіз бе? Ол да бар. Мұның бір себебі қоғамға бизнес туралы ақпарат жетпейді. Жақында мемлекет көтерме тарату орталықтарын құру жобасын ұсын­ды. Осы туралы пікір алмақ болып, елуге жуық фермерге хабарластық. Тек екеуі ғана білетін болып шықты. Бізде қаржы саласы, бизнес туралы ақпарат көбіне обьективті тарамайды. Тараса да аз. Көбіне орысша. Нәтижесінде, қоғамда бизнеске, қаржы жүйесіне сенім аз. Несие құрал емес, проблема ретінде қабылданады, бірақ та­бысы аз болғандықтан, амалсыз алады. Алып тұрып көбі тәуекелді бағамдамайды. Нәтижесінде, оқырманда сала туралы дұрыс түсінік қалыптаспайды. Адам белгілі бір тақырыпта тұрақты, сауатты, обьективті ақпарат алып отырса, дұрыс шешім қабылдай алады. Қарапайым жұмыс істеп жүріп, қаражатын дұрыс жинап, тиімді бағдарламаларды пайдаланып, үш пәтер алған адамдар бар. Қазір ақпарат, «бәсекелес» көп кезеңде журналистиканың дең­гейін көтеру маңызды. Оның бір жолы – салалық журна­лис­тиканы, оның ішінде қоғамға қажетті тақырыптарды ұсынатын БАҚ-ты дамыту. Оның басы ма­ман даярлаудан басталғаны жөн. Журналистік білім беретін оқу орындарындағы пәндер бүгінгі талапқа бейімделсе. Ком­пания­лармен ортақ жобалар жасап, маман даярлауда серіктестік орнатса. Өкінішке қарай, бұл жағынан өте баяумыз.    width=Есенгүл КӘПҚЫЗЫ, Мінбер журналистерді қолдау орталығының жетекшісі:           – Жалпы, журналистика са­лалық бағыттардан тұруы керек. Өкінішке қарай, біздегі универ­ситеттегі журналистика факуль­тетінде басым бағытқа, бір салаға бейімдеп оқыту жағы ақсап тұр. Осы күнге дейін жол қойылған жоқ. Сол себепті қазір журналистика саласында экономика, құқық, саясат, тіпті мәдениет тақырыбының өзін жілігін шағып жазатын адамдар өте аз. Бәрі бетін қалқып жазады. Ары қарай тереңдеп бара алмайды. Өйткені дәл осы саладағы білімі жет­кілікті емес. Әртүрлі салада да­мы­ған журналистика болуы керек. Негізі, біз мынадай идея ұсын­ғанбыз. 2,3-курста оқып жүрген экономика, құқық факультеті немесе басқа сала студенттеріне журналистикадан эликтивті курста оқытуды қолға алсақ. Әрине, жазуға бейімі бар студентті топтастырып, оның үстіне қызығушылығы бол­са, жақсы маман етіп шығаруға болады. Негізгі журналистиканы оқи­тын студенттер 4 жыл оқи берсін. Осындай бағытта оқитын студенттерге 2 жыл курс ұсынсақ жөн болар еді. Салалық журналистиканың басым бағыты көп. Интернет жур­налистика жақсы дамып жатыр. Мәселен, IT саласында оқы­ған журналистен визуалдар, инфо­графиканы, интернет графиканы жақсы жасайтын маман шығар еді. Салалық журналистикаға қа­тысты медиа тренинг ұйым­дастыру жағына келсек, оқыту бағдарламасын дайындап, пре­зен­тация жасап, оқығысы келетін студенттерді топтастырып оқыту көбірек тиімді болар еді. Салалық журналистиканы сол саланы індетіп жазатындықтан ғы­лыми журналистика деп те атайды. Шетелде бір саланы оқимын десең, қазып оқытады. Сол саланы тереңдеп жазуға бейімделесіз. Осы орайда бір танысымның айтқаны есіме түсіп отыр. Англияда құқық­тық журналистикада оқитын сту­денттерді бірнеше жыл бұрынғы сот хаттамаларын қарауға жібереді екен. Архивті бірнеше мәрте ақтаратын көрінеді. Сол арқылы олар алда өтетін сот отырыстарына қатысып, талдап жаза алатын деңгейге жетеді деп топшылайтын көрінеді.    width=Бердібек ХАБАЙ, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің баспасөз хатшысы:         – Осыдан 3 жыл бұрын С.Сей­фул­лин атындағы Қазақ агро­тех­­­никалық университетінде халық­аралық конференция өтті. Сол жиынға әлемнің түкпір-түкпірінен ауыл шаруашылығы саласының кіл мықтылары мен алпауыт компания басшылары, ғалымдар жиналды. Тіпті, шетелдік ақпарат құралдары саласынан да өкілдер бар. ҚазАТУ-да баспасөз хатшысы болғандықтан, жанымда топтанып журналистердің жүретіні бар. Германиядан келдік деген екі жігіттің бір басылымнан екенін білдім. Алғашында біреуін біздің түсінігіміздегідей фото тілші, келесісін журналист деп ұқтым. Бірақ олай болмай шықты. Екеуі де журналист екен. Таңғалдым. Ойым мазалай бергеннен кейін, аудармашы арқылы «Неге бір басылымнен екі бірдей журналист келдіңіздер?» деп сұрадым. Сөйт­сем, олар менің бұл сұрағыма таң­данып тұр. Енді қараңыз, әлгі жур­на­листер­дің біріншісі ауыл шаруа­шылығының тек техника саласын жазатын болса, келесі журналист бірыңғай өсімдік шаруашылығын қаузайды екен. Міне, салалық журналистиканың мүмкіндігі. Бізде неге бұлай емес? Өзім де ке­зін­де қолыма микрафон ұстап тілші болдым. Таңер­тең театр, түсте ауруханада, кешке егіс даласында жүрдім. Ол уақытта журналист деген осылай болуы керек деп ойлайтын едім. Қазір ол ойымды мүлде өзгерттім. Нағыз журналист бір ғана салада машықтануы керек. Бұл – бүгінгі талап, заман талабы. Қарап отырсам, жыл сайын елдегі ЖОО-лар мыңнан астам журналистерді даярлап шығарады. Әлгі түлектер сонда қай сала бойынша бағыт алмақ? Ол жағына да бас қатырмайды екенбіз. Қолына дипломын береміз де шығарып жібереміз, болды. Ал ол нағыз маман ретінде қауқарлы ма, жоқ па? Хабарымыз жоқ. Мәселе – осы жерде. Иә, ЖОО-лар радио, телеарна, газет пен интернет журналистерін даярлайтынын білеміз. Бірақ ол аздық етеді. Менің ойымша, оларды салалық бағытқа бейімдеуіміз керек. Сол уақытта елдегі журналистка жоғарыда айтқан неміс еліндегі басылым тәрізді деңгейге жетеді. Сонда барып журналистердің өз саласы, өз дүниесі болады. Бірінің қазанына бірі түспей, дами бермек. Қазіргі таңда біздің ақпарат құралдары саласын, әсіресе телеарналарды сан түрлі ток-шоулар жайлап алды. Кілең жеңіл дүниелер. Халық, әсіресе жастар журналист деп соларды атайды. Олар шын мәнінде журналист пе өзі? Мәселен, телеарнадан ауыл шаруашылығы туралы хабар шықса, оны сол саланы жақсы білетін журналист жүргізсе құба-құп емес пе? Орынды сауал қойып, тұшымды жауап алса, көзқарақты көрермен мен сол салада жұмыс істейтіндердің дені аталған бағдарламаны көреді деп ойлаймын. Сонда қоғамға алға озып, телеарнада шынайы рейтинг бәйгесі басталар еді. Бұл тек ауыл шаруашылығы саласымен ғана шектелмеуі қажет. Кез келген күрделі салаға бағытталуы керек.  

АйзатАйзат АЙДАРҚЫЗЫ