Жұмыс жандануы қажет
Жұмыс жандануы қажет
236
оқылды

Шымкентке жұмыс сапарымен барған Үкімет басшысы Асқар Мамин қаладағы ірі жүйе құрау­шы кәсіпорындарды ара­лады. Атап айтқанда, ол метал­лургия, фармацев­тика, тамақ өнеркәсібі, көлік инфрақұрылымын дамыту салаларындағы жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

Келген бетте Премьер Шым­кент әуежайының жаңа терми­налының жобасымен танысты. Құрылыс жұмыстары таяуда, шілде айында басталған, ал 2020 жылы маусым айында аяқ­талуы тиіс. Қала әкімдігінің мә­лі­ме­тінше, сыйымдылығы са­ғатына 400 жолаушыны құрай­тын тер­миналды пайдалануға беру жо­лау­шылар ағымын 10 есе арт­тырады.

Үкімет жетекшісі «Химфарм» зауытына соғып, оның үлгісінде бүкіл отандық фармацевтикалық индустрияның даму қарқынына қанықты. Кәсіпорында дәрі-дәрмектің 71 түрі жасалады. Бұл кепілдендірілген тегін медици­налық көмек аясында сатып алы­натын дәрі-дәрмек түр­ле­рінің жалпы санының үштен бір бөлігінен артық.

Кәсіпорынды аралау кезінде Премьер инъекциялық препа­раттар мен инфузиялық ерітін­ділерді өндіретін цехтың жарақ­тандырылу деңгейін, сондай-ақ «Модельдік цифрлық фабри­ка­лар» жобасы аясында іске қо­сыл­ған Цифрлық инженерлік және білім беру орталығының жұ­мы­сын бағалады. Қазіргі кез­де қол­даныстағы фармацев­тикалық өндірісті халықаралық стан­дарттарға сәйкес жаңғыр­татын, 108 млн доллар тұратын аса ірі инвестициялық жоба іске асырылып жатыр.

Шымкент қаласы – Қазақ­станның ірі өнеркәсіп орта­лықтарының бірі. Өңірде өндіріс көлемін ұлғайту бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысу мақсатында Асқар Ма­мин «Оңтүстік» индустриялық ай­мағындағы экспортқа бағыт­талған Shymkent Temir кә­сіпор­нына барды. Металлургия зауы­тының жобалық қуаты жылына 250 мың тонна болат шығаруға жетеді.

Осы жерде Үкімет жетек­ші­сіне Түркістан облысындағы қуаты жылына 1 миллион тонна темір өндіруге лайық­тал­ған тау-кен металлургия кешені құ­рылысының жобасы таныс­тырылды. Оның аясында тікелей қалпына келтірілетін темірді өндіретін зауыт пен кен байыту фабрикасын салу көзделген.

Өңір экономикасын өркен­детуде тамақ өнеркәсібіне ерек­ше мән берілген. Осыған орай, А.Мамин «Рахат-Шымкент» ЖШС-ға келіп, тамақ өнімдерін жасау процесіне куә болды.

Заманауи жабдықтармен жарақталған фабрика жылына 24 мың тоннаға дейінгі көлемде, 30 атау бойынша 4 түрлі конди­терлік өнім шығарады. Премьер-министрге 2020 жылы мармелад пен қантты печенье шығаратын жаңа желіні іске қосу бойынша инвестициялық жоба қолға алынғалы отырғаны баяндалды.

Аралау қорытындысында Үкі­мет басшысы қала әкіміне Шымкентті дамытудың 2023 жыл­ға дейінгі кешенді жоспарын тиімді орындау үшін барлық қа­жетті шараларды қабылдауды жүктеді. Инвестициялық жоба­ларды іске асыру, шығарылатын өнім номенклатурасын кеңейту және өндіріс көлемін ұлғайту бойынша бизнес-қауымдас­тықпен жұмысты жандандыру тапсырылды.

Бұл – өңірдің жалпы өңірлік өнім (ЖӨӨ) көлемін 2018 жыл­ғы 2 триллион теңгеден 2023 жыл­ға қарай 3,5 триллионға де­йін арттыруға мүмкіндік береді.