Асқар Мамин ел үшін еңбек еткен журналистерге алғыс білдірді
Асқар Мамин ел үшін еңбек еткен журналистерге алғыс білдірді
Фото: Интернеттен алынды
151
оқылды
«Құрметті БАҚ қызметкерлері, сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын! Журналистика — өте қызықты әрі жауапты мамандық. Сіздер күнделікті еңбектеріңізбен елімізде және шетелде болып жатқан оқиғалар туралы халықты және билік органдарын ақпараттандырасыздар, қоғамдық пікір мен адамгершілік құндылықтарын қалыптастырасыздар. Қоғамдық бақылау функциясын орындай отырып, биліктің барлық тармағының жұмысын жетілдіру мен оның тиімділігін арттыруға ықпал етесіздер. Қазіргі қиын уақытта сіздер еліміздегі ахуал туралы жұртшылыққа уақытылы әрі шынайы ақпаратты жеткізе отырып, коронавирус пандемиясымен күрестің алдыңғы шебінде қызмет етіп жүрсіздер. Сіздердің адал еңбектеріңіз үшін шынайы алғысымызды білдіреміз. Қазақстандық БАҚ-тың барлық қызметкерлеріне зор денсаулық, табыс пен амандық тілеймін!» – деді Асқар Мамин.