Динара Сәдуақасованың онлайн мектебі
Динара Сәдуақасованың онлайн мектебі
208
оқылды
Курсқа қатысушы «Динара Сәдуақасованың онлайн шах­мат академиясы» алаңында чем­пионның өзінен бейнесабақ,  тапсырма мен тестілер таба алады.  Сайтқа  online-academyofchess.kz сілтемесі арқылы кіруге болады. «Бәріне арналған шахмат» деп аталатын бұл жоба Тұрғын үй құрылыс жинақ банкімен бірлесіп жүзеге асырылмақ.
«Біздің мақсатымыз – шахмат ойынына деген қызығушылықты арттыру және еліміздің шалғай өңірлерінде шахматты үйренгісі келетін кез келген адамға мүм­кіндік беру. Әлем жылдам да­мып жатыр, қазір зияткерлік қасиет пен ойлау жылдамдығы маңызды. Шахмат – бұл дағды­ларды дамытатын тамаша құрал. Алаңда менің қатысуыммен бейнесабақтар, 5 000-ға жуық тапсырма бар», – дейді Динара Сәдуа­қасова.
Курсқа тұрғылықты жері­не қарамастан балалар да, ересектер де қатыса алады. Курс шахмат ойыншысының  дайын­дық  деңгейіне байланысты қалыптастырылған. Әр курс танымдық бейнесабақтар мен  200 тапсырманы қамтитын 20-25 блоктан тұрады. Курсты сәтті аяқтаған соң электронды сертификат беріледі. Шахмат академиясының  ди­ректоры Айнұр Өтешеваның айтуынша, қатысушылардың бар­лық деңгейіне арнап 10  сағаттан астам шахмат сабағы жазылған. Онлайн алаңда, сондай-ақ танымал шахмат ойыншыларының дәрістері мен семинарлары жарияланады.  

Т. МЫРЗА