Шілдеде ел чемпионаты жалғасады  
Шілдеде ел чемпионаты жалғасады   
Фото: Интернеттен алынды
223
оқылды
Шілде басталысымен Olimpbet-Қазақстан чемпионатының 3-тур ойындары өтеді. Қазақстан футбол федерациясы мен Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасы жарыстарды қайта жалғастыру жөнінде келісімге келді. ҚФФ, ҚКФЛ және Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт Министрлігінің келісімімен ел чемпионаты 2020 жылдың 1 шілдесінен бастап жалғасады. Турнир күнтізбесі Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетінің мүшелерімен бекітілді. Бірінші және Екінші лига командалары арасындағы біріншіліктер және ҚР Кубогы 2020 жылдың 1 тамызынан кейін басталады. Сонымен қатар, футзалдан ел чемпионаты, әуесқойлар арасындағы турнирлер, жағажай және әйелдер футболының ұлттық біріншіліктеріне де 1 тамыздан кейін рұқсат берілмек. [caption id="attachment_53953" align="alignnone" width="1429"] width= Фото: Интернеттен алынды[/caption] Еліміздің басты чемпионатын, сонымен қатар, ҚФФ мен ҚКФЛ ұйымдастыратын басқа да жарыстар «Коронавирус індетіне қарсы тұру жөніндегі нұсқаманың» қатаң сақталуы арқылы жүргізілмек. Ойындар көрерменсіз өтеді, жарыс кезінде қызмет ететін адамдардың саны шектеулі болады.