Карантин режимі ұзартылды
Карантин режимі ұзартылды
Фото: Интернеттен алынды
155
оқылды
Аргентина астанасы Буэнос-Айресте коронавирусты жұқтырғандар саны күрт артып, карантин режимі 17 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы осы елдің президенті Альберто Фернандес мәлімдеді. Билік тұрғындардан үйден тек азық-түлік пен дәрі-дәрмек сатып алу үшін шығуды сұрап отыр. Ал қоғамдық көлік енді тек экономиканың басты салаларында жұмыс істейтіндерді тасымалдайтын болады. «Хабар 24» жазуынша, Аргентинада COVID-19-ды жұқтырғандар саны 50 мыңнан асады. Дерттен 2 500-ден астам науқас көз жұмған.