Саумал, қымыз, жылқы еті – коронавирустан сақтайды, иммунитетті көтереді
Саумал, қымыз, жылқы еті – коронавирустан сақтайды, иммунитетті көтереді
©Сурет интернеттен алынды
534
оқылды
Бүкіл әлемге қауіп төндірген коронавирус күн сайын дендеп барады. Еліміздің өзінде бүгінде ауру саны – 20 780-ге жетті. Індет әсіресе иммунитеті төмен, әлсіз адамдарға өте қауіпті. Сондықтан иммунитетті көтеру үшін неге мән беру керек, оның жолдары қандай? Мамандардың кеңесін ұсынамыз. Сәуле Карбозова, терапевт-невропотолог:

дәрігерСаумал – көп нәрсеге ем

 Ең алдымен байбаламға салынбау қажет. Ондай кезде ұйқы қашып, адам сары уайымға салынады. Бұл – дұрыс емес. Ұйқы бұзылса, иммунитет те түседі. Сондықтан ұйқы режимін толығымен сақтап, күніне 8 сағаттан кем ұйықтамау керек.
Екіншіден, әрбір 6 сағат сайын витамин С қабылдаған жөн. Немесе оның орнын құлпынай, бүлдірген секілді жеміс-жидек, цитруспен толықтыруға болады. Ал цитрусқа аллергиясы бар адамдар оны жемегені дұрыс.
«Ас – адамның арқауы» демекші, толыққанды тамақтанып, еттің сорпасын ішкен пайдалырақ. Не болмаса шәйға бал, лимон және имбирь қосып, ішсе де болады. Ол да иммунитетті көтереді. Тек ондай шәйді қант диабетімен ауыратындарға қызығудың қажеті жоқ. Мүмкіндік болып жатса, қарт адамдардың  саумал ішкені жөн. Саумал – көп нәрсеге ем. Бастысы иммунитетті көтеріп, ағзаның жұмысын жақсартады.
Сонымен қатар, витамин Д (2000МЕ) күніне бір рет бір капсуладан ішуге болады. Жалпы, қазір сұйықтықты көбірек ішіп, арасында ыстықты өлшеп қойған жөн.
Рафаил РОЗЕНСОН, аллерголог-иммунолог:дәрігер

«Жеті ата» дәстүрін сақтаған қазақтың иммунитеті күшті

Әр адамның иммунитеті әртүрлі болып келеді, ол әркімнің жаратылысына байланысты. Оңтүстік не шығыс деп орналасқан жеріне қарамайды. Мәселен, петропавлдық азаматтың иммунитеті төмен, шымкенттіктердікі мықты деп  кесіп айтуға болмайды. Бірақ бір айтарым, қазақтың қаны таза.
Бәрімізге белгілі «жеті ата» дәстүрі қанға сіңіп ұрпақтан-ұрпаққа өзгеріссіз келуі де сол. Соның арқасында ұрпақтың саулығы, халықтың амандығы сақталды.  Жақындар бір-бірімен қыз алыспағандықтан қан тазалығы сақталған. Ол – иммунитеттің күштілігі.  Сол себепті, елімізде дүниеге келген сәбилердің иммунитеті әлсіз болуы – сирек. Елу мың адамның ішінде біреуінің иммунитеті әлсіз болуы мүмкін. Ал Еуропада 10 мың адамның біреуінің иммунитеті әлсіз болады.
Иммунитетті жақсарту үшін ағзаны дәрумендермен толтыру керек. Оның ішінде ең қажет дәрумендер – Д, А, Е, С. Оған қоса, қатты майлы ет пен тым тәтті жеміс жеудің қажеті жоқ. Пайдасынан гөрі ағзаға зияны көбірек. Екіншіден, күніне бір-екі рет жаттығумен айналысып, тер шығарып, бойдағы қанды жүгірткен дұрыс. Роза СҮЛЕЙМЕНОВА, эпидемиолог, доцент: роза

 Жүйке тозып, шаршап-шалдыққан сайын иммунитет әлсірей береді

Иммунитетті көтеру үшін құрамында ақуызы бар өнімдерді көбірек жеу керек. Әсіресе, жылқы, тауық және балық тағамдарын.  Жалпы, күнделікті тамақта 30-40 пайыз ақуыздан, қалған 50-60 пайыз дәруменнен құралуы керек.
Ал дәрумендер негізі жеміс-жидек пен көкөністен алынады. Сондықтан жаз кезінде алма, алмұрт, банан, құлпынай, қарақат көбірек жеңіздер. Олар С дәруменіне бай.
Сонымен қатар адам сергек, көңіл-күйі көтереңкі болса, иммунитет те түспейді. Ал егер жүйкеңіз тозып, шаршап-шалдығып жүрсеңіз иммунитет те әлсірей береді.