Алакөл жағалауынан үрмелі матраста жатқан баланы жел ұшырып әкетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz . Алакөл жағалауын патрульдеу кезінде құтқарушыларға әйел келіп, үрмелі матрастағы бала жел әсерінен жағадан алыстап бара жатқанын айтқан. "Құтқарушылар балаға барынша ұқыпты жүзіп барып, қайыққа отырғызуға тырысты, кейін жағаға жеткізді. Қайғылы оқиғаның алды алынды", - деп хабарлайды Шығыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі өкілі. 12 жастағы баланы жел жағалаудан шамамен бір шақырымға алып кеткені анықталды.