ТМД ойындарының өтетін уақыты белгіленді
ТМД ойындарының өтетін уақыты белгіленді
фото: ашық дереккөз
229
оқылды
ТМД ойындарында 11 елдің спортшылары 21 спорттың түрі бойынша бақ сынайды. Ұйымдастырушылар ойынды 4-11 қыркүйек өтеді деп жоспарланған. Жарыстың өтетін күнін нақты белгілеу үшін Ресей федерациясымен келіссөздер жүргізілуде. Айта кетерлігі, ТМД ойындары бастапқыда тамыз айында өтуі тиіс еді. Ұйымдастырушылар кейін жарыс уақытын күзге ауыстырды. ТМД ойындарына Әзербайжан, Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей құрамалары қатысады. Спорттың 21 түрінен, атап айтқанда, армрестлинг, бадминтон, баскетбол (3х3), бокс, белбеу және кураш, су добы, жағажай волейболы, еркін және грек-рим күресі, гір тасын көтеру, дзюдо, каратэ, мас-рестлинг, үстел теннисі, жүзу, самбо, тай бокс, би спорты, семсерлесу, футзал, көркем гимнастика және шахмат бойынша медальдар сарапқа салынады.