"Сізде вакцинаны салдыру не салдырмауға таңдау болады. Бұл соңғы кедергілердің бірі", - дейді Билл Гейтс.
Вакцинаны әзірлеу туралы миллиардер оны дайындайтын адамдар екіге бөлінетінін айтты: біріншіден, вакцина коронавирусқа қарсы қалай әсер ететінін, екіншіден, вирустың басқа адамдарға тарап кетпеуіне мән беретіндер.
Гейтс әлемдегі және АҚШ-тағы коронавирус жағдайы күткендегіден "қиын" екенін айтады.
Кәсіпкер АҚШ-та вирус жұқтырғандар санының өсуі науқастардың дұрыс тексерістен өтпейтінімен және олармен байланыста болғандар дұрыс зерттелмейтінімен, сондай-ақ жергілікті халық маска тақпайтынымен байланыстырды.
Джонс Хопкинс атындағы университет мәліметінше, 28 маусымдағы жағдай бойынша, АҚШ-та коронавирус жұқтырғандардың саны 2,5 миллионнан асып, қайтыс болғандардың саны 125 мыңға жеткен.