Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті екіжақты пневмониядан қайтыс болды
Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті екіжақты пневмониядан қайтыс болды
©shaiba.kz
200
оқылды
Қазақстан хоккей федерациясының бірінші президенті Анатолий Злотников қайтыс болды, - деп хабарлайды Қазақстан Хоккей федерациясы. Анатолий Злотников 1992-1997 жылдары отандық хоккейді басқарды. Оның тікелей қатысуымен Қазақстан хоккейі алғаш рет халықаралық серіктестікті дамыта бастады және әлемге таныла бастады. 2000 жылдары ол Қазақстан Республикасының шайбалы хоккей федерациясы төрешілер алқасының төрағасы және республикалық чемпионатты дамыту жөніндегі маман болды.
Анатолий Злотников екі аптадай екіжақты пневмониямен ауырған екен.