Геннадий Головкин келесі жекпе-жегі және «Канеломен» өтетін трилогиясының мерзімін нақтылады
Геннадий Головкин келесі жекпе-жегі және «Канеломен» өтетін трилогиясының мерзімін нақтылады
фото: ашық дереккөз
167
оқылды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің (40-1-1, 35 КО) қашан рингке оралатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. Головкиннің келесі қарсыласы поляк Камил Шереметаның (21-0, 5 КО) промоутері Анджей Василевскийдің айтуынша, олардың айқасы қазан немесе қараша айына жоспарланған. Нақтырақ айтқанда, қазанның екінші немесе үшінші сенбісі (10 немесе 17 қазан) немесе қарашаның алғашқы сенбісі (7 қараша). Бұл 2020 жылы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес (53-1-2, 36 КО) трилогиясы өтпейтінін білдіреді. Болжам бойынша, олардың жекпе-жегі 2021 жылдың алғашқы жартысында, дәстүрлі мексикалық «Синко де майо» мерекесіне орай өтеді.