Қытайды су алды

Қытайды су алды

Табиғат апатына байланысты елдің шығысында апта басынан 40 мыңнан астам адам эвакуацияланды, – деп жазады 24.кz. Оңтүстік-батыстағы Сычуань провинциясында су тасқынынан 3 адам қайтыс болып, 12 тұрғын із-түссіз жоғалып кетті. 7 мыңнан астам тұрғын қауіпсіз жерге көшірілді. Толассыз жауыннан лай көшкіні жиілеп, тас жолдарды су шайып кеткен. Ал елдің орталығындағы Ичан қаласында үш сағат бойы жауған жаңбырдан шаһарды су басқан. Табиғат апатынан қаза тапқандар жайлы мәлімет жоқ. Ауа райын болжайтын мамандар нөсер жауын әлі де бірнеше күн толастамайтынын ескертіп отыр.