Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Қазақстанда ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Фото: Интернеттен алынды
5,149
оқылды
«Қазгидрометтің» хабарлауынша, Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метр болады. Ал Көкшетау қаласында найзағай ойнауы мүмкін. Оңтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, дауыл тұрады, бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетіп қалады. Қарағанды қаласында да ауа райы құбылмалы болмақ. Оңтүстік-батыстан соққан жел екпіні секундына 18 метрге жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жаңбыр күтіледі. 29 маусымда күні бойы кейбір аудандарда найзағай ойнап, дауыл соғады, бұршақ түсу ықтималдылығы да жоғары. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел тұрып, екпіні секундына 23-28 метрге жетеді деп күтіледі.

Петропавл қаласында да дәл осындай ауа райы болады. Ал Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай ойнап, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады. Оның екпіні кей жерлерінде секундына 15-20 метрге жетуі ықтимал.

Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан, батыстан екпіні секундына 15-20 метр болатын жел соғады.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай ойнайды деп болжануда. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні секундына 15-20 метр болады.