Дәрігерлерге көмектескен еріктілерге еңбекақы төленеді
Дәрігерлерге көмектескен еріктілерге еңбекақы төленеді
Фото: Интернеттен алынды
142
оқылды
Ақтау қаласы басындағы барлық спорт мектептерінің басшылары әркім шамалары келгенше азғантай болса да қаражатпен көмектесті. «Көп түкірсе көл» дегендей жиналған қаржыға:  400 дана қол жуатын иіс сабын, 200 дана кір сабын, 100 дана пластикалық бөтелкедегі сұйық иіс сабын, 100 кг Tide кір жуатын ұнтағы, 19 литрлік  ішетін судан 30 дана, қол сүртетін орама үлкен сүлгіден 200 дана, қол сүртетін кішкене сүлгіден 200 дана, әжетхана қағазынан 400 дана, көп қолданатын 200 пластмасса стакан сатып алынды. Қосымша розетка, кабель тоқтары жөнделіп, қалыпқа келтірілді.    width= Бұдан бөлек екі күн бойы теннис орталығының ішіне 130-ға жуық кереуетті, тумбочкаларды әкеліп оларды түнімен жүріп құрып, төсек-орындарды жайып, ішінің барлық тазалық жұмыстарын реттеуге Облыстық спорт басқармасының спортшылары атсалысты. Соның ішінде «Жас батыр» спорт мектебі, Теннис орталығы, «Маңғыстау-Арена» спорт мектебі, Ақтау қалалық спорт мектебінің қызметкерлеріне ерекше рақметімізді айтамыз! Ізгілік шаралардың Нұрбек Қарабалаев, Талғат Есекенов, Бисекенов Манарбек, Досов Болат, Нұрбол Халимановтар басы-қасында жүр.    width= Осындай еліне, халқына жанашырлық танытып, қолдау білдіретін азаматтардың болғанына ризамыз. Қазіргідей қиын сәтте дәрігерлерге қол көмек көрсетем, қолдау білдіремін деген волонтерлер қауымын ақ халатты абзал жандар қуана-қуана қарсы алады. Сырқаттарға көмек беру, жағдайын жасап, уақытылы ем шараларын алуына жәрдемдесу және т.б. дәрігерлерге қолқабыс көрсету ісінің атқарылуына еріктілерден құрылған топтар жәрдемдессе, артық болмас еді. Елді жайлаған сырқаттан құтылуға бәріміз бірдей атсалысып, бір-бірімізге қолдау таныта отырып, көмек қолын созсақ қана жұмылған жұдырықтай бірлесе әрекет етудің нәтижесінде жетістікке жетеріміз анық. Бірге әрекет етіп, көмек қолымызды созудан тартынбайық, құрметті еріктілер қауымы! Сіздерді ерлік танытып, дәрігерлер қауымына көмектесуге шақырамыз. Әрине, науқастармен байланысудың да өзіндік қаупі бар екенін түсінеміз, алайда, Отаным, елім, өз халқымның амандығы үшін дәрігерлерге жәрдем беруге дайынмын дейтін жандар болса, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығының директоры Абылай Фазылбектің +7701323 0737 телефонына хабарласу арқылы еріктілер тобына жазылуға болатынын қаперіңізге береміз. Еріктілерге азын-аулақ  болса да, еңбекақы қарастырылады.

Жазира ҚУАНЫШХАНҚЫЗЫ