Театр басшысы қайтыс болды
Театр басшысы қайтыс болды
Фото: e-karaganda
170
оқылды
Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша,  ол 2012 жылдан бері Қарағанды облыстық драма театрын басқарған.

Сансызбай Бекболатов 1955 жылы Жамбыл облысының Қордай ауданындағы Красный октябрь ауылында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы мемлекеттік консерваториясының театр және кино факультетінде оқыды.

Шығармашылық жолын Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрында бастаған.

Ал 1990 жылы Жүсіпбек Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрына ауысты.

Ол ұлттық және әлемдік классика туындылары бойынша сан алуан бейнелер жасап, өнерде өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Атап айтқанда, Мұхтар Әуезовтың «Еңлік – Кебек» – Есен, Ғабит Мүсіреповтың «Ақан сері – Ақтоқты» –  Қоңқай, Уильям Шекспирдің «Король Лир» – Эдгар, Еврепидтің «Медея» – Егей, Антон Чеховтың «Шағала» – Медведенко, Эдуардо де Филиппонның «Филумена Мартурано» – Адвокат және тағы басқа рөлдерді сомдап, бірнеше рет үздік образдың иегері атанды.

2005 жылы «Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталды.

2012 жылдан бері Сансызбай Бекболатов Сәкен Сейфуллин атындағы Қарағанды облыстық драма театрын басқарды.