Қандастар қағазбастылықтан құтылатын болды
Қандастар қағазбастылықтан құтылатын болды
Фото: Интернеттен алынды
113
оқылды
«Ұлтаралық қатынас саласының үлкен бір бөлігі – шетелдегі қазақтар мен елге оралған қандастар мәселесі. Бұл бағыттағы барлық сұрақтарды шешу үшін қазір «Отандастар» қорымен бірлесе отырып, бірқатар жобаларды қолға алдық. Өздеріңіз білесіздер, Үкімет тарапынан бекітілген «2018-2022 жылдарға арналған этникалық қазақтарды қолдау жоспары» бар. Оның аясында шетелдегі қазақтардың қатысуымен көптеген мәдени-гуманитарлық ғана емес, бизнес іс-шаралар да өткізіліп отырады», – министр.
Министрдің айтуынша, елге оралған қандастарға құжат рәсімдеу «Бір тереземен» жүзеге асады. Осының нәтижесінде қазір қандастар 5-6 мемлекеттік мекемені аралап табан тоздырмай, барлық шаруасын бір жерден шешетін болады. Оларға қажетті құжаттардың саны да екі есеге ықшамдалып, рәсімдеу уақыты 6 айдан 3 айға қысқарған. Қандастардан талап етілетін құжаттар тізімі 46-дан 20-ға дейін қысқарды.