Қазақстанда «Абай» және «Әл-Фараби» телеарнасы ашылады
Қазақстанда «Абай» және «Әл-Фараби» телеарнасы ашылады
Фото: Интернеттен алынды
129
оқылды
«Министрлік тарапынан отандық ақпарат кеңестігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен дамыту бойынша дәйекті жұмыс жүргізілуде. Қазіргі кезде Қазақстанда жаңа екі, яғни «Абай ТВ», «Әл-Фараби» телеарналарын ашу мәселесі қарастырылып жатыр», – деді министр.
Министрдің айтуынша, «Абай ТВ» телеарнасы 30 маусымнан жұмысын бастайды. Ол «Қазақстан» ТРК» құрамына кіреді және отандық мәдениет мұрасын насихаттайтын арна болады. Екінші тележоба - «Әл-Фараби» телеарнасы. Ол «Хабар» телеарнасының базасында жаңа оқу жылының қарсаңында көрсетіле бастайды. «Әл-Фараби» телеарнасы оқу-ағарту телевизиялық платформа болады және 6-18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналады.