Балаға берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?
Балаға берілетін жәрдемақыны қалай алуға болады?
820
оқылды
Балалы үй базар. Десе де, қазіргі дағдарыс жағдайында бала күтіміне кететін шығындар да шаш етектен. Осы ретте, мемлекеттен берілетін әлеуметтік төмемдер баланың қажеттілігіне қаншалықы жетеді? 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы мөлшері өсті. Бұл сома 105 564 теңгені құрайды, төртінші және одан да көп балаға 175 014 теңге тағайындалады. Айта кетерлігі, бала туғанда берілетін жәрдемақы cоңғы 7 жылда үш балаға дейін 30-дан 38 айлық есептік көрсеткішке өскен, ал 4 баладан жоғарыларға 50-ден 63 айлық есептік көрсеткіш аралығында өсіп отыр. Жыл сайынғы инфляция деңгейінің өсуіне байланысты жәрдемақы мөлшері де артып отырады. Биыл бала туғанда берілетін жәрдемақыға 47,351 млрд теңге қаражат бөлінген.   Әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар жұмыс істеген аналар мен істемеген аналарға екі түрлі есептелінеді. Жәрдемақы инфо 1Мәселен, әйел босанғанға дейін екі жыл ішінде 4 000 000 теңге табыс тапты делік. Осы соманы 24 айға бөлеміз: 4 000 000/24= 166 000 теңге. 166 000 теңге – орташа айлық жалақы ретінде есептелінеді. 166 000*0,4 = 66 400 теңге. Бұл сумманың 10%−ы, зейнетақы жарнасы ретінде есептелінеді. Сонда жұмыс істейтін әйел бір жыл ішінде бала күтімі үшін ай сайын 59 760 теңге алып отырады.   Жұмыс істемеген аналар мынандай жәрдемақы ала-алады: Бала тууына байланысты мемлекеттік біріңғай жәрдемақы (босанғаннан кейін); Бір жасқа дейінгі ай сайын бала күтіміне байланысты берілетін төлем (босанғаннан кейін); Декреттік демалыс кезінде аяғы ауыр әйелдер тек бір жолғы жәрдемақы мен бір жасқа дейінгі бала күтіміне берілетін ай сайынғы төлемді ала алады. Жәрдемақы инфо 2 Бала күтіміне берілетін ақша 1 жастан 3 жасқа дейін ұзармайтын болды Биылғы жылы бала күтімi жөнiндегі жәрдемақыны бір жастан үш жасқа дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне төлемді екі жылға ұзарту мәселесіне қатысты сұрақ жолдаған болатынбыз. Тиісті министрліктің жауабы бойынша егер бала күтіміне берілетін жәрдемақыны ұзартқан жағдайда 2026 жылы Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында қаржылық тұрақсыздық туындамақ. 2049 жылға дейін Қордың қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 2020 жылдан бастап әлеуметтік төлемдер ставкасын 8%-ға дейін көтеру қажет. Бұл өз кезегінде Еңбекақы төлеу қорына, яғни жұмыс берушілерге ауыртпашылықты күшейтеді және де мемлекеттік бюджеттен қосымша қаражат бөлуді талап етеді. Сол себептен, алдағы уақытта бала күтіміне берілетін ақша 1 жасқа дейін беріле бермек.   Төлемдер мен жәрдемақыларды тағайындауда ескеретін жайт: Мемлекеттен берілетін әлеуметтік төлем мен жәрдемақыны Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық Азаматтарға арналған үкімет арқылы рәсімдейді. Қажетті құжаттар пакетін тапсырғаннан кейін, 7 жұмыс күн ішінде қаралады. Өтінішті egov.kz электронды Үкімет порталы арқылы онлайн беруге болады немесе халыққа қызмет көрсету орталығына (ХҚКО) хабарласасыз. Сізде ЭЦҚ (электрондық цифрлық қолтаңба) болуы қажет. Қызметті сайтта онлайн алу үшін egov.kz кіріп, «азаматтарға» – «отбасы» – «бала» – «бала туғанда берілетін және бала күтімі жөніндегі жәрдемақыларды тағайындау» бөліміне кіресіз. Өкінішке қарай, табысын жоғалтуға байланысты жүктілік пен босану бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді онлайн ала алмайсыз, тек ХҚКО арқылы рәсімдеуге болады.

Еркежан Айтқазы