Шымкентте эпидемиологиялық жағдайға байланысты карантин шаралары күшейтілді, - деп хабарлайды Polisia.kz. Қазір Шымкент қаласында тек коронавирус емес, ЖРВИ (жедел респираторлы вирустық инфекция) мен пневмония өршіп тұр. Осы жағдайға байланысты 23 маусымнан бастап шектеу шаралары күшейтілді.
- Базарлардың жұмыс кестесі таңертең сағат 06:00-ден 16:00-ге дейін (азық-түлік, азық-түлік емес, мал, көлік базарлары), ал көтерме сауда базарлары сағат 05:00-ден 13:00-ге дейін шектелді;
- Барлық сауда нысандарының (ойын-сауық орталықтары, сауда орталықтары, сауда үйлері, дүкендер, супермаркеттер, гипермаркеттер, кіші-маркеттер, зоо және гүл сататын дүкендер және т.б.) жұмысы 10:00-ден 18:00-ге дейін, ал жеке орналасқан азық-түлік супермаркеттері мен дүкендері сағат 21:00-ге дейін шектелді;
- Әлеуметтік арақашықтықты және санитарлық эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы 09:00-ден 21:00-ге дейін, ал донер, лаваш орталықтары, құйылатын сусындар мен балмұздақтар сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді;
- Онлайн режимінде көрсетілетін қызметтерді қоспағанда Жұмыспен қамту және Халыққа қызмет көрсету орталықтары таңертең сағат 08:00-ден 12:00-ге дейін жұмыс істейді.
- Қоғамдық көліктер дезинфекциялық шараларды жалғастыра отырып, жұмыс режимі таңертең сағат 07:00-ден 11:00-ге дейін және кешкі сағат 17:00-ден 20:00-ге дейін шектелді;
- Жұмыс күндері қызмет көрсетуге рұқсат етілген барлық объектілердің (қызмет көрсету саласында соның ішінде фитнес, моншалар, сауналар, SPA – салондары және сауда саласында соның ішінде піскен тағамдарды, фасфуд, жұмсақ балмұздақ, сусындар, тағы басқа сату дүңгіршектері, қаржы саласында) жұмыс уақыты сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін шектелді. Демалыс күндері жұмыс тоқтатылды.