Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады
Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады
© сурет интернеттен алынды
137
оқылды
Биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталы іске қосылады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева хабарлады.
«Жалпы Ұлттық жоспарды жүзеге асыру (Ақпарат саласын дамытудың 2020-2022 жылдарға арналған ұлттық жоспары) отандық БАҚ-тың экономикалық дербестігін арттыруға және қоғам тарапынан тұтынушылық сұраныстың өсуіне ықпал етеді», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуі барысында.
«Осы тұрғыда мемлекеттік органдардың қызметі туралы халыққа сапалы хабар тарату мақсатында биыл Мемлекеттік БАҚ-тың бірыңғай порталын іске қосамыз. Бұл қадамды өте маңызды деп білеміз. Әсіресе, ауқымды ақпарат ағыны жағдайында ол азаматтарға сенімді ақпарат алуға мүмкіндік береді», - деді министр. Бұдан бұрын хабарланғандай, көпшілікке ыңғайлы болуы үшін Мемлекеттік бағдарламалардың ортақ порталы іске қосылуда.