Алматы облысында блокпосттар қойылмайды. Бұл Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел хабарлады.
«Мессенджерлерде Алматы облысында блокпостар қайта қойылады деген ақпарат тарап жатыр. Алматы облысының ведомствоаралық комиссиясы бұл сұрақты талқыламағанын және бұл ақпарат жалған екенін мәлімдеймін», - деп жазды ол.Естеріңізге сала кетейік, бүгінге дейін өңірде жалпы 701 адам коронавирус жұқтырып, оның 574-і індеттен жазылып шықты. 1 науқас қайтыс болды.