Қазақ қызы Франциядағы сайлауда жеңіп шығып, қала мэрінің орынбасары атанды
Қазақ қызы Франциядағы сайлауда жеңіп шығып, қала мэрінің орынбасары атанды
© сурет интернеттен алынды
225
оқылды
Әйгілі Зуқа батырдың шөбересі Есім Сабаш атты қандасымыз Париждің маңындағы Крей қаласында өткен сайлауда жеңіске жетіп, қала мэрінің орынбасары атанды. Бұл туралы Есім Сабаштың әкесі Махмұт Сабаш Facebook-тегі парақшасында жазды. Махмұт Сабаштың өзі - Франциядағы қазақтар қауымдастығының президенті. Есім Махмұтқызы өткен ғасырда қырқыншы жылдардың соңында Қытайдан босып, Түркияға жеткен қазақтардың ұрпағы. Түркияда тұрғаннан кейін Есім Махмұтқызы Францияға жұмысқа аттанған. Бүгін оның Францияның солтүстігіндегі Крей қаласы әкімінің орынбасары болып сайланғаны хабарланып отыр. Есім Махмұтқызы 1991 жылы Түркияда туған. Крей қаласы (фр. Creil) — О-де-Франс аймағына, Санлис округіне жататын, Францияның солтүстігіндегі қала. 2014 жылғы санақ бойынша халқының саны 35 мыңға жуық болған. Айта кетсек Зуқа батыр Сәбитұлы – ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында ел-жерімен бөтен жұрттың бодандық езгісінде қалып қойған қазақтарды аумалы-төкпелі заманның алуан түрлі апатынан қорғаған тұлға.