Алматы облысында терезені бұзып кіріп, қыз алып қашқандар ұсталды
Алматы облысында терезені бұзып кіріп, қыз алып қашқандар ұсталды
© сурет интернеттен алынды
Алматы облысында жатын бөлменің терезесі арқылы бойжеткенді ұрлаған адам ұсталды. Бұл туралы Алматы облысы ПД хабарлады. Түнгі сағат 01:00 шамасында Қарасай ауданы ПБ-нің кезекші бөліміне Шамалған ауылының 72 жастағы тұрғыны түнгі уақытта оның 21 жастағы қызын терезеден ұрлап кеткендігі туралы арызданған. Ол белгісіз біреудің терезені бұзып, күш қолдану арқылы қызын белгісіз бағытта алып кеткенін айтқан.
"Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері “LEXUS 470” автокөлігін Қаскелең қаласында тоқтатқан. Көлікте 21 жастағы бойжеткен және оны ұрлады деген күдікке ілінген Шалқар ауылының тұрғыны болған. Бойжеткеннің бұған дейін айырылысып кеткен жігітінің түнгі уақытта қысқыш арқылы шегелермен бекітілген терезені бұзып, үйге кіріп, дөңгелекті жөндеу үшін пайдаланылатын шиланың көмегімен бойжеткенді қорқытып, оны ұрлап кеткендігі анықталды. Күдікті тәртіп сақшылары ұстағанға дейін адам жоқ жерлерде бірнеше рет тоқтап, қызғаныш салдарынан бойжеткенді соққыға жыққан", – дейді Алматы облысы Қарасай аудандық полиция басқармасының бастығы Асхат Данияр.
Күдікті адам уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды. Одан алынған спиральді шило мен терезеден табылған қысқыштар іске зайғақзат ретінде тіркелді. Келтірілген дене жарақаттарының ауырлық дәрежесін анықтау мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. Аталған дерек ҚР ҚК 125-бабы “Адам ұрлау” бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.