Шетелдегі қазақтар үшін ана тілінде сабақ оқытатын онлайн сыныптар 12 мемлекетте ашылмақшы. Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігі «Отандастар» қорымен бірлесіп алынған жоба үкіметтің қолдауын тапты.
2018-2022 жылдарға арналған жобада мәдени және бизнес үйлері ашылды екен. Бүгінде мұндай орталықтар Қытайда, Ресейде, Монғолияда, Өзбекстанда, Германияда және Түркияда бар екен.– Қазіргі уақытта қазақ тілін оқыту мәселелері бойынша 12 мемлекеттің 23 қаласында қазақ тілін оқытатын 31 онлайн-сыныптар ашылды. Биыл оларда 2,5 мың бала оқитын болады, – деді ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Аида Балаева.