Премьер-министр бес жылға сотталды
Премьер-министр бес жылға сотталды
©Сурет интернеттен алынды
119
оқылды
Францияның бұрынғы премьер-министрі Франсуа Фийонды Париж соты бес жылға бас бостандығынан айырды. Оның үш жылын сынақ мерзімінде өтейді. ТАСС-тың хабарлауынша, ол әйелін жұмысқа өтірік тұрғызған. Осы фактіні жасырғаны үшін әйелі Пенелопа да кінәлі деп танылды. Сондықтан үш жыл шартты үкім берілді.
Сот тіпті экс-премьердің бұрынғы көмекшісі Марк Жулоны кінәлі деп тапты. Оған 20 мың еуро айыппұл салынды. Үш айыпталушы 1 миллион еуродан асатын шығынды төлеуге  міндеттелді.
Франсуа Фийон енді мемлекеттік қызметке 10 жылға, Жулоға – бес жылға, Пенелопаға – екі жылға тыйым салынды. Бұл үкімге қорғаушы шағымдануға ниетті.